Қылмыс

Түркістан облысының тұрғыны үш жасар қызын зорлап өлтірді деген күдікке ілінді

  • © Naviny.by

    © Naviny.by

Түркістан облысында әкесі үш жасар қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда. Ордабасы аудандық соты 40 жастағы тұрғынды уақытша тергеу абақтысына қамауға алу туралы санкция берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ордабасы аудандық сотының судьясы Алтай Қалықұлдың айтуынша, 8 қазан күні күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды.


«Бөржар ауылының тұрғыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-ші бөлігінің 3,5,14 тармақтарымен («Адам өлтiру») және 120-бабы 4-ші бөлігі («Жас баланы зорлау») бойынша айып тағылуда. Ол бұрын соңды сотты болмаған. Әйелі бар. Мұндай жағдай біздің ауданда бірінші рет тіркеліп отыр», - дейді Алтай Қалықұл.


Ал, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше қылмыстық істі тергеу басқармасы қызметкерлері қарап жатыр.


Айта кетейік, қайғылы жағдай қазан айының 6-сы күні болған.


Ауыл тұрғындарының айтуынша бүлдіршін бұл отбасының жалғыз перзенті болған.


 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31