Қылмыс

"Түрмедегі топалаң": Колония қызметкері сотталушыларды төбелестірген

  • © Kazgazeta.kz

    © Kazgazeta.kz

Шахтинск қаласында АК 159/6 түзеу колониясының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды. Ол қарамағандығылар мен сотталған азаматтарға кісі өлімімен аяқталған бұйрық берген деп айыпталып жатыр.


Аталған колонияда былтыр наурыз айында Валерий Чупин деген жазасын өтеуші алған соққылардан есін жимастан жан тапсырған еді.


Сөйтсе, оны екінші бір жазасын өтеуші оңдырмай сабаған екен. Тергеу барысында ол бұл жөнінде бұйрықты колония қызметкері Виталий Зарецкийден алғанын жайып салған.


Содан Зарецкий былтыр қазан айында қамалды. Ал сол кезде колония бастығының міндетін атқарушы болған Бауырбек Шотаев былыққа жол бергені үшін сөгіс алып, қызметі төмендеген.


Алайда процестердің бірінде Зарецкий сотталушыны соққыға жығуды сол Шотаев бұйырғанын жеткізген. Осының негізінде бұрынғы басшы да тергеу абақтысына жабылды.


Енді Виталий Зарецкийдің анасы бастықтың бұйрығын орындағаны болмаса, баламның кінәсі жоқ деп отыр.


Валентина Зарецкая, В.Зарецкийдің анасы:


-Мұндай жерлерде ешқашан да бастықтың бұйрығынсыз ештеңе жасалмайды. Әркімнің атқаратын жұмысы қатаң бақыланады. Ал мұндай тапсырма тек жоғарыдан ғана беріледі. Шені төмен менің балам өз бетімен ешкімге де бұйрық бере алмайды. Оның үстіне кикілжің марқұм мен бастықтың арасында болған.


 ktk.kz




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 11:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31