Қылмыс

Ұлымды жеті жыл қинады, ол да солай қиналсын – 20 рет пышақталған баланың анасы

  • Ұлымды жеті жыл қинады, ол да солай қиналсын – 20 рет пышақталған баланың анасы

    Ұлымды жеті жыл қинады, ол да солай қиналсын – 20 рет пышақталған баланың анасы

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотында 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі inaktau порталына сілтеме жасап.


Сот процесі барысында журналист пышақталып өлтірілген жасөспірімнің туған анасымен сөйлескен. Ол сот баласын өлтірген айыпталушыға әділ үкім шығырады деген үмітте.


Өгей анасы өлтірген жасөспірімнің есімі – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол соңғы жеті жылда әкесі және өгей шешесімен бірге тұрған. Баланың туған анасы күйеуімен ажырасқан соң, басқа ауданға көшіп кеткен. Кейін ол Нұрсұлтанмен бірнеше жыл хабарласпаған.


«Менің жеке үйім болған жоқ. Сондықтан балаларды әкесімен қалдырдым. Кейін балама (Нұрсұлтан Назарбаевқа – автор) мені өлді деп айтыпты. Содан соң ұлым қорықпас үшін мен келген жоқпын. Ол ержеткен соң, арамыздағы байланысты жақсарттық. Бірақ сирек кездестік. Алайда ол маған оны өгей анасы ренжітіп жүргенін айтты», - деді өлген жасөспірімнің анасы Кәмшат Қажақова.


Оның айтуынша, ол баласына келуі үшін әдейі ақша жинапты. Бірақ тиісті қаражатты жинап болған кезде, ұлы өліп қалған. Өгей анасы сарайда ұлына 20 рет пышақ тыққан.


«Ол менің ұлымды жеті жыл қинады. Сондықтан ол да жоқ дегенде жеті жыл түрмеде отыруы шарт. Оның артында төрт баласы қалды. Ол ұлымды өлтірмес бұрын, өзінің балаларын ойлау керек еді», - дейді Кәмшат Қажақова.


Сот үкімі шығуы үшін судья әлі бернеше сот отырысын өткізуі қажет. Судьяның қандай шешім шығаратыны кейін белгілі болмақ.




Көрілген: 1051    Пікірлер: 0

жұма, 06.04.2018, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30