Қылмыс

Үш облыста лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Еліміздің үш облысында лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты.


Бастарованың айтуынша, Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/1 тергеу изоляторы мекемесінің басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Қазіргі уақытта Ұлттық бюро оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


"Ол сотталушыны басқа мекемеге ауыстырмау үшін одан жүйелі түрде пара алып отырған. Параның жалпы сомасы - 678 мың теңге. Сондай-ақ, ол оған туыстарымен кедергісіз кездесуге мүмкіндік берген", - деді Бастарова.



Агенттік өкілі БҚО ҚАЖД қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы да пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.



Бұдан бөлек, ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/11" мекемесі басшысының орынбасары жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінгені айтылады.



Бастарованың айтуынша, осы деректер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Сонымен қатар, Ақмола облысы Туризм басқармасы басшысының да күдікке ілінгені айтылады.


Агенттік өкілінің айтуынша, ол жалпы сомасы 8,5 миллион теңге болатын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.


 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31