Қазақша тостар. Туған күн

22 Желтоқсан

Желтоқсанның 22-сі

Алаштың атаулы күні


• Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың (1859-1919) туғанына – 151 жыл. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі им­ператор университетінің шығыс факультетін тамамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алған. І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылы Бөкей ор­да­сын­дағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы жел­тоқ­санның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде пре­зи­диу­м басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бір­ге ұсынылды.

• 18 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жә­не қорғанысы туралы» Заң қабылданды.

Туған күн иелері

Фазылхан Байымбетов (1939) – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик;

Виктор Мейстер (1947) – Қостанай облысы әкімінің бірінші орын­ба­сары;

Сансызбай Үмбетәлиев (1948) – Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;

Серік Еркінов (1952) – Ішкі істер министрлігі заң институтының бастығы, заң ғылымының докторы, профессор, полиция генерал-майоры;

Серікжан Қанаев (1953) – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық істер бөлімінің меңгерушісі, саясаттану ғылымының докторы, профессор;

Омархан Өксікбаев (1954) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы;

Махметқали Сарыбеков (1956) – білім және ғылым вице-министрі, педагогика ғылымының докторы, профессор;

Дәуітәлі Омашұлы (1958) – Парламент Мәжілісі аппаратының бөлім бастығы;

Серік Орынбаев (1960) – Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;

Нәзира Тәбелдинова (1962) – Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының бас­ты­ғы;

Марат Ахметжанов (1964) – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;

Әсия Қыстаубаева (1964) – Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы;

Ақылбек Әйтімов (1965) – «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарушы директоры;

Қанат Досмұхаметов (1973) – Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төр­ағасы;

Азат Бектұров (1976) – көлік және коммуникация вице-министрі.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»


Белгілі есімнің белгісіз сыры

ФАЗЫЛХАН – арабтың «фәзл» (білім) және түркінің «хан» (басқарушы, мем­лекет билеуші) сөзінің бірігуінен құралған есім. Жаңа туған сәбиге білімі асқан, би­лігі тасқан азамат болсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін ныс­пы.




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.12.2010, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31