Қазақша тостар. Туған күн

Сәуір 29

Сәуірдің 29-ы

Алаштың атаулы күні


• 105 жыл бұрын (1906-1968) композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, Қазақстанның Халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың және Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ахмет Қуанұлы Жұбанов дүниеге келді.

• 71 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының премьерасы қойылды.

• Халықаралық би күні.

Туған күн иелері:

Тілеухан Қабдірахманов (1945) – Төтенше және өкілетті елші;

Төлеген Қожамқұлов (1946) – физика-математика ғылымының докторы, профессор, академик;

Хайролла Ғабжалилов (1950) – «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы­ның президенті;

Болат Жанасаев (1952) – генерал-майор;

Ұлықбек Есдәулет (1954) – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын, Журналистер академиясының академигі;

Раушан Сәрсембаева (1956) – Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті;

Нұртөре Жүсіп (1961) – «Айқын» газетінің бас редакторы, Журналистер академиясының академигі, Президент сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты;

Алмас Құрманов (1966) – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ президенті;

Ербол Әбдірахманов (1968) – Қостанай облысы әділет департа­мен­тінің бастығы;

Шадияр Молдабек (1974) – «Алаш айнасы» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

Сәуірдің 30-ы

Алаштың атаулы күні


• 90 жыл бұрын (1921-1996) балалар жазушысы Мәдіхат Төрежанов дүниеге келді.

• 66 жыл бұрын (1945) Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті.

Туған күн иелері:

Мақаш Тәтімов (1940) – Орталық Азия университетінің президенті, демограф, саясаттану ғылымының докторы, академик;

Амангелді Омаров (1941) – Қазақ жол қатынастары университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, академик;

Сұлтан Оразалинов (1941) – Қазақ теледидарының негізін қалаушы, жазушы, драматург, филолог, академик;

Әшірбек Көпішев (1947) – «Өнер» баспасының бас директоры;

Бекет Нұржанов (1949) – философия ғылымының докторы, профессор;

Нұргүл Хамзина (1956) – Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры, медицина ғылымының докторы, профессор;

Мылтықбай Айтжанов (1962) – Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы, полковник;

Ғалымжан Мелдешов (1964) – «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақ радиосының» директоры;

Нұрбол Сұлтан (1976) – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры.

Мамырдың 1-і

Алаштың атаулы күні


• 185 жыл бұрын (1826-1906) айтыс ақыны Құланаян Құлмамбет дүниеге келген.

• 170 жыл бұрын (1841-1918) ақын Қожабай Тоқсанбайұлы дүниеге келген.

• 120 жыл бұрын (1891) іргетасы 1869 жылы қаланған Ақтөбе елді мекеніне қала мәртебесі берілді.

• 90 жыл бұрын (1921) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының түзетіліп, өңделіп, шын мәніндегі драматургия талабына жауап берер көркемдікке жеткен екінші нұсқасы Абайдың шәкірттері мен ізбасарлары ұйымдастырған «Ес-Аймақ» труппасының сахнасында Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлік етуімен қойылды.

• 85 жыл бұрын (1926-1992) әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышев дүниеге келді.

• Қазақстан халқының бірлігі күні.

• Еңбек мерекесі. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні.

Туған күн иелері:

Нұрқасым Қазыбеков (1936) – жазушы, аудармашы;

Әбдімәлік Нысанбаев (1937) – философия және саясат институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор, академик;

Розақұл Халмурадов (1941) – Мәжіліс депутаты;

Кәдірбек Сегізбай (1941) – жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері;

Есберген Божанов (1943) – физика-математика ғылымының докторы, профессор, академик;

Сәуірбек Рузуддинов (1947) – Қазақстан Стоматологтар қауымдастығының президенті, медицина ғылымының докторы, профессор;

Елеусін Сағындықов (1947) – Ақтөбе облысының әкімі, экономика ғылымының докторы;

Жан Кенжетаев (1957) – Ішкі істер министрлігі Б.Бисенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полковник;

Бауыржан Омаров (1962) – Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымының докторы, профессор;

Мейрам Аюбаев (1963) – генерал-майор;

Әсел Нүсіпова (1975) – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

Әсем Нүсіпова (1975) – «ҚазТрансОйл» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;

Саят Қамшыгер (1978) – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Мамырдың 2-сі

Алаштың атаулы күні


• Халықаралық астрономия күні.

Туған күн иелері:

Марат Қабдуалиев (1951) – Павлодар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы;

Ерлан Досмағамбетов (1960) – «Дос» корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы;

Ермек Көшербаев (1965) – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасы;

Талғат Бөлтенов (1970) – Ақмола облыстық қаржы басқармасының директоры.

Мамырдың 3-і

Алаштың атаулы күні


• Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні.

• Күн күні.

Туған күн иелері:

Ғани Қасымов (1950) – сенатор, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы;

Михаил Бортник (1960) – сенатор;

Әмірет Қонысбаев (1960) – Alatau IT City Ақпараттық технологиялар паркін дамытуды қолдау жөніндегі қауымдастық президенті;

Бағлан Жүнісов (1965) – Қазақстан альпинизм және тасқа өрмелеу федерациясының президенті.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»


Белгілі есімнің белгісіз сыры

МАҚАШ – бұл есім Мақажан, Мұхамеджан есімдерінің қысқарған, еркелеткен түрі болуы мүмкін. Алайда бұл есім жайлы белгілі демограф Мақаш Тәтімов ағамыз: «Менің есімім парсының «махуш» сөзінен шыққан. «ма» (иә) «хуш» (қош) – «қош келдіңіз, адаспай келдіңіз» деген сөз. Мен өз тағдырыма ризамын. Өйткені халқыма қажет кезде дүниеге келгенмін. Ел демографиясына, тарихына өз еңбегімді сіңірдім, өз сөзімді айттым деп ойлаймын», – дейді.




Көрілген: 2403    Пікірлер: 0

жұма, 29.04.2011, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31