Жұлдызды жаңалықтар

Ақботаның ата-енесі ұлдарының әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты

  • Ақботаның ата-енесі ұлдарының әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты

    Ақботаның ата-енесі ұлдарының әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты


Ақбота Керімбекованың қайын атасы мен енесі ұлдарының бастапқыда елімізге белгілі әншіге үйленетінін айтқан кезде қарсы болғандарын мәлімдеді. Әншінің қайын атасы баласының Ақботаны бақытты ете алатынына күмәнданғанын жасырмады.


 

Ақботаның ата-енесі ұлдарының әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты

Ақбота Керімбекова. Фото: Интернет желісінен



Бұл туралы Тілеген Дәулетов 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.


"Балам үйленетінін айтқан кезде анасы екеуміз кішкене ойланыңқырадық. Ақбота өмірдің баспалдақтарынан шыңдалып өткен қыз. Өзінің тірлігін естіп, біліп жүрген соң, оның үстіне жасы аздап үлкендеу болған соң "сен оған жақсы серік бола аласың ба, араларыңда балалар бар, осыған сендердің шешімдерің, сенімдерің орнықты ма?" деген сауалдарды мен қойдым. Ол сауалды анасы да қойған болатын.


Ойлана келе, балама сен олай етпе, ол дұрыс болмайды деп айта алмайтынымды білдім. Өмір өздерінікі. Кейіннен Ақботаны алып кел, танысайық дедік.  Осылайша баламның айтқан тілегін қабыл алдық,- дейді Ақботаның  қайын атасы.


Жұбайлардың арасындағы балалардың көңілі үшін алаңдаған Рауанның әкесі Ақботаның тұңғышын шақырып алып, онымен жекеше сырласқанын да айтты.


"Біржанды тойдың үстінде шақырып алып, көзқарасын сырғақтатып сұрадым.  Сосын Біржанға шырағым енді ертең оқуға кетесің, мына болып жатқан жәйтқа көңілің орнықты ма, ағаңды "әке" дей аласың ба дегенімде, Біржан "әрине" деді. Біржанмен сөйлескенімде сол, ол балалардың үлкені ғой. Оның үстіне ойын ашық айтатын, ер мінезді жігіт",- дейді ол.


Ал Ақботаның қайын енесе болса келіні келіп,  "мама" деп атағанда жүрегінің елжіреп кеткенін жасырмады. Ол мұндай танымал жанға үйленген Рауанның бағы бар дейді.







Көрілген: 1304    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 19.09.2017, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31