Жұлдызды жаңалықтар

Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

  • Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

    Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады


Әнші Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.



 




Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА. ФОТО ӘНШІНІҢ ЖЕЛІ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ



"Бейбітпен таныстығымыз, сонау 1997 жылы " Жас қанат" байқауынан бері. Бір-бірімізді көрмегелі біраз болған еді... Шынында да қатты сағынып қалған екенмін... Бірақ шүйіркелесе алмадық... Тойдағы қатты музыкадан ба?", - деп жазған әнші жұрттың таңданысын тудырған хэштегтерді тізеді.


"Негізі ажырасқаннан бері білмеймін, өзімді төмен санайтын болыппын, әсіресе күйеуі бар келіншектермен отырғанда күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір күйеулеріне ұнамайды ғой, келіншегінің ажырасқан әйелмен араласқаны", - деп хэштегтерге ойын тізіп шықты әнші.


Бұл хэштегтерді байқап қалған желі қолданушылары Жорабаеваға ана және әйел бақытын тілеп, еңсесін түсірмеуге шақырды.




Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА. ФОТО: PANDALAND.KZ



"Төмен санама өзіңді, ешқашан. Алланың алдында бәріміз бірдей пендеміз. Алла кемітпесін. Төрт қызыңның жамандығын көрме", "Алтынай, айналайын, олай мұңайма. Басыңды биік, жоғары ұста. Қыздарың аман болсын. Сені халқың жақсы көреді", - дейді пікір қалдырушылар.


Еске салсақ, Жорабаеваның продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы елде сыбыс тараған болатын. Содан кейін Сәбит Әбдіхалықов ажырасқанын растағанымен, Жорабаеваның өзі осы күнге дейін ажырасқаны туралы тіс жармай келген.


 


 

 






Көрілген: 1461    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.07.2017, 17:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31