Жұлдызды жаңалықтар

"Ән айтып жүре бер": Бағдарлама жүргізген Қайрат Нұртас қатаң сынға ұшырады

  • "Ән айтып жүре бер": Бағдарлама жүргізген Қайрат Нұртас қатаң сынға ұшырады


Отандық телеарналардың бірінде көрсетілетін "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасын бүгінде Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан жүргізуде. Таланттылардың дауысын таразыға салатын жобаны тізгіндеген әншілер барынша тырысып жатқаны хақ. Алайда сахна еркелерін тележүргізуші ретінде қабылдай алмайтын жұрт қарасы көп сыңайлы деп жазады KAZ.NUR.KZ.



 


Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Жобаның кезекті шығарылымы Youtube желісіне бірнеше күн бұрын жүктелген. Үш күнде 90 мыңнан аса қаралым жинаған видеоға 400-ге жуық пікір жазылыпты.


Ең қызығы, желі қолданушыларының басым бөлігі жоба қатысушыларын емес, бағдарлама жүргізушілерін сынаған.


Олар, әсіресе Қайрат Нұртастың жүргізушілік қабілеті мүлде жоқ екенін алға тартып, хитменді жерден алып, жерге салыпты.


"Қайрат, сен ән айтып жүре берші, өтініш", " Қайрат пен Ерке жүргізе алмайды екен", "Қайрат Нұртастан жүргізуші шықпайды, сөз байлығы жоқ", "Жүргізушілерді ауыстырыңдар", "Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама", "Кәсіби жүргізуші керек, іш пыстырады", "Қайрат жақсы жігіт, бірақ тіл байлығы нөл", "Той мен құдалық жүргізіп тұрған сияқты". "Қайрат дайындықсыз атып шықты ма?",- деп жазған олар.

Айта кетерлігі, аталған бағдарлама көрерменге әр жексенбі күні жол тартады.



 






Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.03.2019, 21:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31