Жұлдызды жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын айтты

  • Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын айтты

    Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын айтты


Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле жігітімен азаматтық некеде тұрғанын айтты. Өзінің жеке өмірі туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.



 


айсауле

Айсәуле сүйіктісімен бірге.




"Азаматтық неке. Кім қолдайды, кім қарсы? Егер қызыңыз өмірінің соңғы күніне дейін қыз болып өткенін немесе азаматтық некені жек көрсеңіз, онда бұл постты айналып өтіп кетсеңіз болады", - деп бастаған Айсәуле азаматтық некені қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, ол өз өміріндегі тәжірибе арқылы бүгінде дұрыс шешімге келіп отыр.


"Менің жеке тәжірибеме сүйенсек. Егер мен осыдан үш жыл бұрын жігітіммен бірге тұрып көрмей жатып, тұрмысқа шығып кетсем, онда біз айырылысып кетер ме едік?! Мойындауға ұят, бірақ біздің үйіміз ғашықтар ұясы емес, қоқыс үйіндісіне ұқсайтын. Салдарынан менің жігітім Алматыға келе сала, мені тастап кетті. Бірақ мен оны түсінемін, біз жарты жыл бойы бөлек жүрдік. Бұл мен үшін ең қиын, соған қарамастан ең нәтижелі кезең болды. Бірақ қазір Айсәулеша үйді жинауды да, тамақ пісіруді де, қажет кезінде үндемей қоя салуды да үйренді", - деген ол осылайша бұл кезең аралығында жігітінің де санасы өзгеріп, ой тоқтата бастаған.


"Қазір мен фотодағы кісімен өмір сүруге дайынмын. Алайда некеге тұруға асықпаймыз", - деген ол қыздарын тұрмысқа беруге асығатын ата-аналарды түсінбейтінін айтты.


Құдайға шүкір, әкем де, анам да қызын тезірек тұрмысқа беруге асығатындар қатарынан емес. Мен мұндай ата-аналарды мүлдем түсінбеймін. Қыздарыңа төсек-орнын, орамал беруге үлгересіз. Балаларыңызға қателік жасап, үйге кез келген уақытта қайтып келуіне мүмкіндік беріңіз. Шын айтам, балаларыңыз ерте ме, кеш пе бәрібір қыдырып, секспен айналысып, ішімдік ішіп, темекі тартатын болады. Алайда олар сізден көмек сұрап, шындықты айтатын болады. Қызыңыз аборт жасап-жасап бала туа алмайтын болып қалғаннан гөрі, оған қалай сақтануды үйретіңіз. Одан да оның сүйікті жігітімен бірге тұрып көруге мүмкіндік беріңіз. Ертең жаман күйеуге тап болып, елден ұят болмау үшін, бәріне көнуді сұрағанша, сол жақсы.




Көрілген: 1366    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.01.2018, 12:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30