Жұлдызды жаңалықтар

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада ойнаудан бас тартты

  • Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада ойнаудан бас тартты

    Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада ойнаудан бас тартты


Елімізге танымал актер Азамат Сатыбалды жарымен бір сахнада ойнаудан бас тартты. Бүгінде ол Назгүл Қарабалинамен бөлек тұрады деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Азамат Сатыбалды жұбайымен. Фото:Tengri MIX

Азамат Сатыбалды жұбайымен. Фото:Tengri MIX


Расказать Вконтакте


Бүгінде актер Алматыда тұрақтаса, актриса Назгүл Қарабалина бас қаланы мекен етіп жүр. Жұлдызды жұптың жанұясында орын алған өзгерісті Азамат Сатыбалды түсіндіріп берді.


«Биыл Назгүл екеуміздің отбасы болғанымызға міне 15 жыл болды. Ал, «Махаббат дастанының» жүргеніне 17 жыл болды. Назгүлге арнап бір сценарий туатын болса, сценарий дүниеге келетін болса, неге оны жеке түсірмеске? Бірақ, мен өзім партнер ретінде Назгүлмен ойнамаймын», - деді актер.

Бүгінде Азамат жеке театрымен қатар, кинонарыққа білек сыбана кіріссе, Назгүл ханым отандық шоу-бизнестегі бірнеше музыкалық жобаларға жетекшілік етіп жүр. Ол қос астанада кәсібін қатар бастағандықтан, Алматыға шұғыл шаруасы туындаса ғана келеді екен.


Сондай-ақ, биыл Азамат пен Назгүлдің театр сахнасында серіктес қылған «Махаббат дастаны» спектаклінің 100-ші қойылымы өтті. Әрі ерлі-зайыптылар Қозы мен Баянды соңғы рет сахнада сомдады.


«Назгүлдің өзінің жолы бар, өзінің сүрлеуі бар. Менің өзімнің жолым бар. Кейде бір-бірімізге қарама-қайшы, кері әсер беретін сияқты болып тұрамыз. Сондықтан да жеке дара өскеніміз, өнгеніміз дұрыс қой деп ойлаймын», - деп сөзін аяқтады Азамат Сатыбалды.

 






Көрілген: 6171    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30