Жұлдызды жаңалықтар

“Бала көтеруге болады”: Ләйлә Сұлтанқызы бойындағы 5 дерттен арылғанын айтты

  • “Бала көтеруге болады”: Ләйлә Сұлтанқызы бойындағы 5 дерттен арылғанын айтты

    “Бала көтеруге болады”: Ләйлә Сұлтанқызы бойындағы 5 дерттен арылғанын айтты


Ләйлә Сұлтанқызы Оңтүстік Корея елінің дәрігерлеріне жүгінді. Белгілі тележүргізуші медициналық тексерістен өтіп, осыдан үш жыл бұрын бойынан табылған дерттен арылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.



Үш жыл бұрынғы тексеріс нәтижесі бойынша, дәрігерлер Сұлтанқызының денсаулығынан 4-5 кінәрат тапқан.

“Соның екеуінен ғана мысал келтірейін. Дәрігерлер берген нұсқаулықты бүгінге дейін дұрыс орындауға тырыстым: дұрыс тамақтандым, спортпен шұғылдандым, стресске бой алдырмадым, көңілді жүруге тырыстым, нәтижесі мынадай:


2016 жылы маған нефраптоз диагнозын қойған еді. Яғни, оң жақ бүйрегім сәл төмен түсіп тұрған. Дәрігер спортпен шұғылданып, кішкене салмақ қосуға кеңес берді. Бүйрегім орнына келсін деп спортпен тұрақты түрде айналыстым және семірдім +3 кг. Содан бүйрегім де, оны уайымдаған жүрегім де орнына түсті.


Бұл пункті ер азаматтар оқымай-ақ қойса болады, әйелдердің әңгімесі. Жыл сайын маммография мен УЗИ-ден қатар өту керек деген ескертуге құлақ аса бермейтініміз рас. Олардың да нәтижесі дұп-дұрыс шықты, шүкір”, – деп бөлісті тележүргізуші.


Сұлтанқызының айтуынша, биылғы тексеріс нәтижесі оның 100% сау екенін көрсеткен.


“Енді мұндай денсаулықпен смело бала көтеруге болады, бұйыртса”, – деп қуанышын жеткізді Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат, Сардар есімді қос ұлы бар.


Stan.kz



 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31