Жұлдызды жаңалықтар

"Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)

  • "Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)


Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады.



 





ЕРКЕ ЕСМАХАН МЕН СЕРІК ИБРАГИМОВ. КОЛЛАЖ: NUR.KZ



"Ауылменен қала көшкен тегіміз,


Көшеменен дала өскен жеріміз.


Бабамыз қандай, баласы боламыз сондай.


Галактиға да барған Тоқтарлар,


Жігіттерім батыр алған көкпарлар,


Жұмып жанарды-ай, жүрсіңдер әлі таба алмай.


Алматыда бар-бар жұлдыз жігіттер,


Астанада бар-бар мың қыз үміткер.


Неге жоқ- жоқ, олар көп-көп таудай ірі тұлғалы


Ақтөбеде бар -бар арынды ұлдар,


Шымқалада бар- бар дарынды ұлдар..." деп айтады Серік әнінде.


Әнді тыңдаған желі қолданушылары "жоқ-жоқ" деп әндеткеннен де "бар -бар" деген жақсы екенін және әннің әдемі шыққанын айтты.


"Әлі тыңдаған жоқпын, өлеңнің атына ырза болдым. Өркенің өссін! Жоқтан гөрі " бар" сөзі жақсы ғой", "Жарайсың, Серік! Жақсы шыққан!", "Әдемі ән болыпты",- деп жазды олар.


 



 






Көрілген: 864    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 21.10.2017, 14:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30