Алаш баласы, айнаңа қара!

бейсенбі, 27.04.2017



Жұлдызды жаңалықтар

«Батырхан да оралған жоқ…». Қазақ мықтыларының Мәскеуде өлім құшуында қандай құпия бар?

  • «Батырхан да оралған жоқ…». Қазақ мықтыларының Мәскеуде өлім құшуында қандай құпия бар?

    «Батырхан да оралған жоқ…». Қазақ мықтыларының Мәскеуде өлім құшуында қандай құпия бар?

 



Бүгін Мұрат Насыров туралы жазғанбыз. Оның өмірден өткеніне 10 жыл толды.  Мәскеуді мойындатпақ болған мықтыларымыздың есімін ежіктеп отырғанда, осы мақалаға жолықтық. Қамшы порталында жарияланған дүниенің бас-аяғын жинақтап ұсынып отырмыз.

 


«Мәскеуді бағындырамын деп аттанған қазақтың ұл-қыздарының маңдайына туған жеріне табыт ішінде жатып қайту тағдыры бұйырғандай…» депті автор. 


Мұхтар Омарханұлы Әуезов


Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері



Мұхтар Омарханұлы Әуезов — 1961 жылы 27-маусым күні 64 жасына қараған шағында Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция үстінде қайтыс болды.



1961 жылы қайтыс болғаннан кейін, Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.


Күләш Байсейітова


Бүгінде исі қазақта Күләш Жасынқызын танымайтын жан жоқ десек артық айтқандық емес. Оның есімі бүкіл кеңестер еліне аңыз болып таралған. Ол небәрі 24 жасында СССР Халық әртісі атағын иеленді.


Оның даңқы тек СССР аумағында ғана емес, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен тарады. Ол жеке дара құбылыс болып келді. Күләш Мәскеу Үлкен театрында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ қызы болды.


Ол қай елде өнер көрсетпесін, мейлі Португалия, Дания, Бельгия — оның көрермендері тік тұрып қол соғатын. Ол кирил тілінен өзге латын, араб тілдерінде ариялар айтатын.


1957 жылдың маусым айында Күләш Жасынқызы Мәскеуге гастрольдік сапармен барған. Концерт аяқталған соң, ол өзінің басының қатты ауырғанына байланысты қонақ үйдегі бөлмесіне кетіп қалады.


Ал ертесіне,



6-маусым күні қонақ үй қызметкері Күләш Байсейітованың жансыз денесін тапқан.



Кейін дәрігерлік зерттеулер қорытындысы миына қан құйылғанын айтқан.


Шәкен Айманов


Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15-ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады.  1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.


1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.



1970 жылы 23-желтоқсанда Мәскеу қаласында көлік апатында қайтыс болып, Алматыдағы Орталық зиратта жерленген.



Қалтай Мұхамеджанов 


1928 жылдың 24-желтоқсанында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Ташкенттің театр және көркемөнер институтын бітіріп шығады. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, Мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының екінші, бірінші хатшысы, 1988–1998 жж. республикалық «Ара–Шмель» журналында, халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.



2001 жылы 7-мамыр күні Мәскеу қаласында қаза болған.



Сол күні барлық ресейлік және қазақстандық  басылымдар Қалтай Мұхамеджановтың қазасы туралы жазып жатты. М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының күш салуымен Қалағаның денесі Кеңсай зиратына жерленді.


Бағлан Сәдуақасов


2006 жылы әйгілі «А-Студионың» әншісі



Бағлан Сәдуақасов Мәскеу қаласында көлік апатынан қаза болды.



Бағлан мінген жеңіл авто көлік Камаз жүк көлігіне соқтығысып, Бағлан оқиға орнында көз жұмған. Бұл Бағланның басынан өткен алғашқы көлік апаты емес еді.


Ажал артынан түскендей, Бағлан мінген Шри-Ланкадан ұшқан ұшақ жанып кетіп, бір ажалдан аман қалған еді.


Мұрат Насыров



2007 жылы қазақстандық эстрада әншісі, композитор Мұрат Насыров та Мәскеуде қаза болды.



Ол өз үйінде, 5 қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған(кейбір деректерде осылай айтылады). Ол қайтыс болғанда небәрі 37 жаста болған және артында әйелі мен екі баласы қалған.


Батырхан Шүкенов


Міне, бүгін 29-сәуір күні тағы да қайғылы хабар келді. Тағы да Мәскеу. Тағы да қазақтың жарық жұлдызы. Бүгін сол



«А-Студионың» бірінші солисі Батырхан Шүкенов 53 жасына қараған шағында Мәскеуде қаза болды.



Дәрігерлердің айтуынша, ол жүрек талмасынан көз жұмған.




 


365info.kz




Көрілген: 819    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 09.04.2017, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қаңтар, 14:21
    Видеосы бар материал Қорғансыз Бейбіт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30