Жұлдызды жаңалықтар

Баян ақшаны қайтарсын: Танымал журналист сериалға кеткен ақшаға іздеу салды

  • Баян ақшаны қайтарсын: Танымал журналист сериалға кеткен ақшаға іздеу салды

    Баян ақшаны қайтарсын: Танымал журналист сериалға кеткен ақшаға іздеу салды

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Баян Алагөзованың Ұлттық арна эфирінен көрсетілген "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" сериалына бөлінген қаражаттың қайтарылуын талап етті. Журналист жазбасында көпшілікті Баянның бұл ісіне көз жұма қарамауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.
 

Баян Алагөзова. Фото: Интернет желісінен

Баян Алагөзова. Фото: Интернет желісінен



"Уа, жамағат! "Қозы Көрпеш- Баян Сұлу" сериалын талдап, қырылыспай-ақ қойыңыздар! "Іс бітті, қу кетті" деп, Алагөздің Баяны әр сериядан 9 миллионнан алып, шетелге үрім-бұтағымен демалуға кетті. Онан да, Ерлан Қарин мырзадан "Продюсер Баян Алагөзова тарихи фильмге шашылған 54 лям-ды орнына қойсын!"- деп талап етейік!


Мәселе - рөлді сомдаған актрисаның тәмпіштігінде емес. Желге ұшып кеткен Сіз бен біздің ақшамызда болып отыр. Ол - бір. Екіншіден, тарихтан мақұрым продюсерге жабысып отырған басшыда. Ішім удай ашиды кейде. Елдің ашуын келтірген сериалды жабулы қазан күйінде қою меніңше дұрыс емес. "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу"-ды фейсбукта жырлап отырғанымызда, Алагөздің Баяны 31-і күні Ұлттық арнадан актерларды сүйістіріп қойды емес пе? Жаңа Жылдық "көгілдір от" концерттік шоуын көрдіңіз бе? Масқара! Ұлттық арна - майшелпек болды ғой. Кім көрінген келіп, асап кетеді.


Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қарин Сәтжанды жанына алды дегеннен-ақ шошыған едім. Көңілім алдамапты. Қазақ тілін менсінбейтіндер тарихты пысқырғаны бар ма?",-деп жазды ашынған блогер.


Бибігүл Дәулетбектің айтуынша, эфирден алып тасталынды деген сериалды ертесі күні қайталап көрсеткен.


"Сериал елдің ашуын тудырды. Ұлттық арнаның төрағасы Ерлан Қарин мырза да эфирден алынып тасталынғанын айтып, жұртты басты. Алайда, сеткада тұрған еді деген желеумен ертесіне сол серияны қайта эфирден көрсетіпті. Сонда деймін де, не үшін бұл сериалға осыншама қаражат жұмсалды? Миллиондаған ақша Баянның қалтасынан шығарылса бір сірә...Осылай жалғаса берсе не болмақ?",- деді ол желідегі парақшасында.


Еске салсақ, Баян Алагөзованың продюсерлігімен жуырда ғана көгілдір экранға жол тартқан "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телесериалы бірінші көрсетілімнен кейін көпшіліктің қарсылығымен эфирден тоқтатылған болатын. Аталған сериалды әлеуметтік желіде әлі де қатаң сынап жатқандар бар.





Көрілген: 335    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30