Жұлдызды жаңалықтар

Байзақова: Мен үшін қазақтың жігіттері бірінші орында

  • Байзақова: Мен үшін қазақтың жігіттері бірінші орында

    Байзақова: Мен үшін қазақтың жігіттері бірінші орында


Айжан Байзақова шетелдік жігіттермен көп араласатынын айтады. Алайда бойжеткен түптеп келгенде қазақтың жігіттеріне ешкім жетпейтінін түсінген. Себебі Айжанға шетелдіктердің шектен тыс еркін болуы ұнамаған.


Айжан байзақова


Бұл туралы Айжан Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.


“Барлығы ойлайды, Байзақова шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққысы келеді деп. Шетелдік достарым көп, ол рас. Қазір Instagram оқырмандарының көбі баламның әкесі аустралиялық Сэм деп ойлайды. Өзге елдің жігіттерімен араласамын, бірақ ақыр соңында қазақтың жігіттері жаныма жақын екенін түсінемін. Өйткені бұдан қашып құтыла алмайсың. Бастапқыда испан азаматына тұрмысқа шыққым келеді, себебі олар еркін деп ойлайтынмын. Бірақ мен 23 жыл Қазақстанда тұрған адаммын. Бәрібір айналып қазақтың жігітіне қайтып келемін, маған солармен ыңғайлы”, – дейді Айжан.


Байзақова желідегі парақшасында қазақ жігіттерінің кемшілігі туралы көп айтады. Алайда 23 жастағы блогер мұны азаматтардың еңсесін түсіру үшін емес, керісінше қателіктерін түзетсін деген ниетпен істейтініне сендірді.


“Иә, мен қазақ жігіттерін сынаймын, сөгемін. Дұрыс емес жерлерін бетіне басамын. Елдің бәрі соған қарап, Айжан қазақтың жігіттерін жек көреді деп ойлайды. Мен оларды жаман етіп көрсету үшін қателіктерін бетіне баспаймын. Тек әйелдер де, ерлер де бізде түзеуге болатын кемшіліктер бар екенін түсінсе деймін”, – деп түсіндірді Байзақова.


Шетелдіктердің шектен тыс еркін болуы да Айжанға ұнамаған. Себебі:


“Олар тіпті: – Қызға не үшін гүл беруім керек? – деп таңғалады. Ал біздің ерлер ондай жағынан үйренген. Тек кейбір кемшін тұстарын түзетсе, біздің жігіттерден асқан ешкім болмас еді”, – дейді Байзақова.


Stan.kz



 




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 17:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31