Жұлдызды жаңалықтар

«Депутаттар да ақиқатты айтсын!». Тоқтар қатты кетіпті

  • «Депутаттар да ақиқатты айтсын!». Тоқтар қатты кетіпті

    «Депутаттар да ақиқатты айтсын!». Тоқтар қатты кетіпті


Қазақ шоу бизнесінде жүргендер фонограмманы доғаруды сөз еткен депутаттарға жауап берді.

Өткен айда депутаттар „Әншілер концертін тек жанды дауыста берсін, фонограмма дегенді алып тастау керек„ деп, мәселе көтерген болатын.


Осыған қатысты отандық әншілердің пікірі Stan.kz пайда болды.



Әншілерден шынайы болуды сұраған депуттардан Тоқтар Серіков шыншыл болуды сұрады.


«Фонограмманы алып тастаса, алып тастасын. Мен қарсы емеспін.



Бірақ депутаттар да өздерінің сөзін сөйлесін. Шын сөзін сөйлесін.



Оларда шындықты айтсын, біз әншілер де шын ән айтуға тырысамыз. Жанды дауыспен айту қазір ақырындап келе жатыр. Барлық әріптестерім жанды дауыспен ән сала алады», — деді әнші Тоқтар Серіков.


Ал продюсер Бауыржан Есебаев депутаттардың түсінбейтін дүниеге араласпағаны дұрыс деп қысқа қайырды.


«Фонограмма керек. Онсыз болмайды. Себебі, бізде кез-келген зал жанды дауыспен ән айтуға арналмаған. Сондықтан фонограмма керек. Себебі, бір залға барсаң жаңғырып кетеді, екінші залға барсаң аппаратура дұрыс болмайды. Сондықтан ол сауатсыздау тірлік. Жанды дауыспен ән айту үшін ғимараттың акустикасы жақсы болу керек. Одан соң оған сай аппаратура болу керек. Ол әншілердің өздеріне қарап тұратындай, өз әнін тыңдап тұратындай болу керек. Сол үшін ол өте күрделі дүние.



Депутаттар әнші емес.



Сондықтан олар музыканы түсінбейді», — деді продюсер Бауыржан Есебаев.


Мөлдір Әуелбекова болса депутаттардың осы бастамасы ертерек жүзеге асса екен деп жүргендердің бірі екен.


«Фонограммаға қарсы заң шығып жатса, ең бірінші қуанатын адамдардың қатарынанмын. Өйткені, өнердің іші жалпақ тілмен айтқанда тазаланатын еді. Киелі сахнаға шын таланттар шығар еді», — дейді әнші Мөлдір Әуелбекова.


Бағлан Әбдірайымов болса, аудан-ауылдарды аралаған кезде төрт жігітке техникалық тұрғыда қиындықтар болатынын айтып отыр.



«Жігіттер» тобына қиын болатын шығар фонограммасыз. Өйткені, барған жерімізде жақсы төрт бірдей микрофон табу қиын. Бірақ, біз қорықпаймыз. Өйткені, бір емес, қанша рет жанды дауыста концерт бердік. Фонограмманы алып тастай берсін. Негізі 5 жыл мен 10 жылдың арасында айырмашылық көп. Техника дамыған. Қазір мүмкіндік көп»,- дейді әнші Бағлан.


365info.kz






Көрілген: 2096    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 23.04.2017, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30