Жұлдызды жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар: Қарны шыққан, беті табақтай дәстүрлі әншілерді ешкім тыңдамайды

  • Ғалымжан Молданазар: Қарны шыққан, беті табақтай дәстүрлі әншілерді ешкім тыңдамайды

    Ғалымжан Молданазар: Қарны шыққан, беті табақтай дәстүрлі әншілерді ешкім тыңдамайды


Ән айту стилімен ерекшеленіп жүретін Ғалымжан Молданазар «The эфир» бағдарламасында дәстүрлі әншілерді сынап тастады. Әнші салақ әрі жалқау әншілерді ешкім тыңдамайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


Ғалымжан Молданазар. Фото: NUR.KZ

Ғалымжан Молданазар. Фото: NUR.KZ


Расказать Вконтакте


Фонограмманы қолданбайтын Ғалымжан Молданазар халықты алдай қолынан келмейтінін жеткізді.


«Шоу-бизнесте ұнамайтын тұстары бар. Сондықтан продюсер ұстамаймын. Тыңдармандарды алдағанды жек көремін. Сахнаға шыққан әнші өз дауысымен ән орындауы керек. Алайда, біздің халық та, әншіге талап қоймайды. Сондықтан да әншілер өздерімен жұмыс жасамайды, дамымайды. Егер ел фонограммасыз ән керек деп талап қойса, онда олар да ойланар еді», - дейді Ғалымжан Молданазар.

Сондай-ақ әнші қазіргі эстрада сахнасындағы кемшіліктерді айтып берді. Халық «ақша төледік, таза дауыспен ән айт» әншілерден сұрамағандықтан, олар да өз орнында қалып қойған.


«Қазір дәстүрлі әншілер эстрада әншілеріне, басқаларға көп ренжиді. Олардың пікірінше, дәстүрлі әндер ұмытылып бара жатыр. Бірақ, бұл эстрада әншілерінің кінәсі емес. Өздерінің кінәсі. Себебі, олар өздеріне салақ қарайды. Қарындары шығып кеткен, беттері табақтай. Ал олар баяғы киіммен киініп алып, бір орында тұрып ән айтады.
Әр өнер, пиарды талап етеді. Дәстүрлі әншілер ақша құртқысы келмейді. Сөйте тұра өзгелерді кінәлайды. Қазір техника дамыған, адамды қызықтыратындай түрлі дүниелер түсіруге болады. Сол арқылы тыңдарманның жүрегіне жол табу керек. Сонда ғана жастар болсын, басқалар болсын, сіздің дәстүрлі әніңізді тыңдайды», - деді әнші.

 


 






Көрілген: 2141    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.03.2018, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30