Жұлдызды жаңалықтар

ГОЛЛИВУДТЫҢ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА КЕЛМЕК

  • ГОЛЛИВУДТЫҢ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА КЕЛМЕК

    ГОЛЛИВУДТЫҢ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АСТАНАҒА КЕЛМЕК

 Шілденің 22-і мен 28-і аралығында Астанада өтетін кинофестивальға Голливуд супержұлдыздары, "Оскар" және "Алтын глобус" лауреаттары Николас Кейдж, Джон Малкович және Эдриен Броуди, актриса Бай Лин, фестиваль қозғалысының ірі қайраткері, продюсер Марио Мюллер кинофестивальге қонақ болып келеді.

"Еуразия" - Орталық Азиядағы ең ірі, Халықаралық продюсерлер қауымдастығының (FIAPF) Канн, Берлин және Венеция сияқты "А" деңгейіндегі тіркелген кинофестиваль. 2012 жылы International Film Guide (Ұлыбритания) "Еуразия" кинофестивалін 35 үздік фестивалінің санатына қосқан. "13-ші рет өтетін кинофестивальдің бағдарламасы "Мәдениеттер көпірі" тақырыбын қозғайды, EXPO-2017 халықаралық көрме концепциясымен үндес", - дейді ұйымдастырушылар. Биыл 2016-2017 жылы түсірілген фильмдерге кең ауқымды шолу жасайды. "Бес құрлық" балалар фильмдерінің конкурсы өтеді, EXPO-2017 көрмесімен бірге ұйымдастырылған "6 плаза" дамып келе жатқан елдер бағдарламасы да болады. Қазақастан, Орталық Азия мен түркі тілдес елдердің фильмдері көрсетіліп, "Тұлпар" ұлттық жүлдесі табысталады. Бұл жайында tengrinews.kz мәлімдеді.


Фестиваль аясында алғаш рет ТМД, Шығыс елдері (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс елдерінің (Еуропа, Америка) сатушылар мен сатып алушылары қатысатын Eurasia Film Market кино саудасы өтеді. Ұйымдастырушылар кинофестивальдің басты мақсаты Қазақстан киноиндустриясын дамыту, халықты кино өнеріне тарту мен Азия және Еуропа елдерінің ынтымақтасуына жағдай жасау екенін атап өтті. Еуразия XIII халықаралық кинофестивалін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлттық киномотография және ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігімен өткізіледі.


baistars.kz




Көрілген: 1505    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 17.07.2017, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31