Жұлдызды жаңалықтар

Жол апатына түскен Ернар Айдар әлі есін жиған жоқ (фото)

  • Жол апатына түскен Ернар Айдар әлі есін жиған жоқ (фото)

    Жол апатына түскен Ернар Айдар әлі есін жиған жоқ (фото)


Танымал әнші Ернар Айдар жол апатына түсті.  Әншінің омыртқасы сынып, бүгінде жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.



 


Бұл туралы әншінің директоры Жазира Еркін хабарлады.




Жол апатына түскен Ернар Айдар әлі есін жиған жоқ (фото)

ЕРНАР АЙДАРДЫҢ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН КӨЛІГІ



Оның айтуынша, оқиға 12 сәуір күні түнде Алматы-Шымкент тасжолында орын алған. Гастрольдік сапардан Алматыға қарай жол тартқан көлік жолда апатқа ұшыраған.


Ауа райының қолайсыздығы салдарынан көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.




<video id="yaVideoPlayer_993320" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" style="max-width: 100%; height: auto; background-color: rgb(0, 0, 0);"></video>



Көлікте үш адам болған. Көлік жүргізушісі жеңіл-желпі жарақат алып, Ернар Айдардың ағасы әрі продюсерінің қабырғалары сынғанын айтты Жазира Еркін.


"Ернардың жағдайы бірқалыпты, әлі де ауыр халде. Омыртқасы сынған. Түнгі сағат екілердің шамасында болған. Қазіргі таңда сәуір айындағы жоспардың барлығын ысырып қойдық. Себебі, Ернардың жағдайы белгілі болмайынша, әлі ештеңе айта алмаймыз.


Аяққа тұрып кету-кетпеуі белгісіз. Қазір Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігердің бақылауында. Әлі есін жиған жоқ", - деп мәлімдеді ол.






Көрілген: 2989    Пікірлер: 3

бейсенбі, 13.04.2017, 21:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30