Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдыз болуды емес, әртіс болуды үйреніңдер!

  • Жұлдыз болуды емес, әртіс болуды үйреніңдер!

    Жұлдыз болуды емес, әртіс болуды үйреніңдер!


Жұлдыз болуды емес, әртіс болуды үйреніңдер!

 


«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары


@rakhmetov_altynbek Жас өнерпаздардың сахнадағы тасын өрге домалатып жүрген продюсер Алтынбек РАХМЕТОВ өзі жүрген ортадан жерісе керек-ті.



«Жұлдыз болуды емес, әртіс болуды үйреніңдер» - деп, дүрсе қоя берді Алтекең парақшасында. Алтынбектей продюсерлердің қолынан шыққан жасанды «жұлдыздардан» шаршағандар мұны іліп ала жөнелген.


Солардың бірі Bizhamalgwerty есімді оқырман: «Рас-ау, дұрыс айтылған сөз. Жұлдыз боламыз деп, алды-арттарына қарамайды ғой, етектері ашылып жатса да» - деп, сахнадағы сылқымдарды сынаған.


@bayanmaxatkyzy Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан Баян АЛАГӨЗОВАНЫҢ «Қазақ аруы» байқауы биыл да жалғасын таппақ. Бірақ бұл жолы халықаралық деңгейде өтеді деп отыр. Соған қарағанда продюсер жырақтағы қандас қаракөздеріміздің басын қоспақ ниетте сияқты.


«Сұлу да сылқым арулар, биылдан бастап, «Қазақ аруы» халықаралық байқауға айналмақ! Түркия, Монғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанда іріктеу өткізіп, ақтық мәреде бақ сынайтын үміткерлерді таңдаймыз!» - деп жазды ол парақшасына.


@erdoskanaev «Жігіттер» тобының әншісі Ердос ҚАНАЕВ стилін өзгертті. Үнемі классикалық үлгіде киініп жүретін ол енді жастардың жаңа заманға сай сәніне еліткен.



«Жаңа образым қалай? Пікірлеріңізді күтем. P.S. Костюм-шалбарға өзім де үйренгенмін. Талғамға талас жоқ» - деп жазды ол.


Тілегенге сұраған деген, пікір білдіріңіз деген соң, оқырмандары Ердосқа жауап жаудырған. Десе де көпшілікке әнші жігіттің жаңа киім кию стилі ұнамаған. Ішінара оны «жас бала емессің ғой» - деп, сынап тастағандар да табылды. Тіпті, Ердостың жаңа үлгідегі шашына да «жармасқандар» болды.


yerka.anuarov деген атпен тіркелуші: «Ағатай, бұл жастан өтіп кеттің ғой. Жасың отыздың алқамында жас балаша киінгенің болмайды екен. Оданша костюм-шалбарыңды киіп жүре берсей, сол әдемі» - деп, өнердегі ағасына ақыл айтқан.


Ердостың өнеріне тілекші бауырлары осылай деген соң, жасы үлкендерінің пікірін екшелеу қиын емес.


@jado.sakhi Танымал дизайнер Жадыра САХИЕВА енді ұстаздық етіп, мектеп оқушыларға дәріс беруі мүмкін. Оның өзінде анау-мынау емес, атағы дардай білім ордасының қыздарына сән жөнінде тәлім береді.



«Елбасымыз қоңырауын соғып, ресми ашылуын жасаған «НұрОрда» мектеп-лицейдің қадірлі қонағы болдым. Маған да «Fashion clab» үйірмесінің тұсауын кесу бұйырды. Басшылықпен ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіремін. Нұрдың Ордасы болып, алға баса беріңіздер - деп ырзашылығын білдірген.


Бізге белгілісі, осыдан біраз уақыт бұрын аталмыш мектепке танымал тележүргізуші, әрі кәсіпкер Динара СӘТЖАН да қонақ болып, оқушылар мен ұстаздардың сауалына жауап беріп, тәжірибесімен бөлісіп қайтқан. Жадоның оқырмандарының ішінде мектептің сабақтан тыс өтетін мұндай бастамаларын құптамайтындар бар болып шықты.


asel.baikenzhe есімді желі қолданушысы: «Құтты болсын! Бірақ мектеп оқушысына сәннен гөрі салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды үйрететін үйірме керек еді. Әсіресе, қаланың балалары қолөнер бұйымдарын жасауды үйренсе екен» - деп, білім беру жүйесіне мін артқан.


Фото: Instagram.com.


ratel.kz


Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ




Көрілген: 1348    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31