Жұлдызды жаңалықтар

Қайрат Нұртас: «Жүрегіңнен бір орын бер» әнім шықпай жатып хит болған

  • Қайрат Нұртас: «Жүрегіңнен бір орын бер» әнім шықпай жатып хит болған

    Қайрат Нұртас: «Жүрегіңнен бір орын бер» әнім шықпай жатып хит болған

Бүгінде жас буынның аңсары қандай әндерге ауған? Осы сауалды жастардың өздеріне қою үшін Алматыдағы адам көп шоғырланатын орындарға бардық. Жастардың талғамын тексеру үшін біз де ғаламторға үңіліп көрдік. Себебі, бүгінде ғаламтор оның ішінде түрлі әлеуметтік желілер әнші қауымының танымалдылығын одан сайын арттыратыны сөзсіз. Сонымен «ютуб» желіге кіріп, қай әншінің, қай әні ең көп  қаралымға ие болғанын бірге саралап көрейік, деп жазады 31 арна.




Осыдан 7-8 ай бұрын жүктелген әнші Ерке Есмаханның – Қайда? деген әнін 54 миллион адам тамашалаған. Рэпер Жах Халибтің Лейла әнін 43 миллион, ал Ернар Айдардың – «Күнім, сен сөнбеші» әнін 15 миллионнан астам көрген. Соңғы уақытта ерекше танымалдылыққа ие болған Қуандык Рахым мен Албина Шардарованың – «Болайық бірге» әні өзіне 11 миллион адамды елітіп әкетіпті.


Қайрат Нұртастың әрбір әні хит. Еңбекқор әнші ән қоржынындағы туындыларын ай сайын емес, тіпті апта сайын жаңартып отырады. Соңғы шыққан әнін Қайрат сөзсіз хит болатынын алдын-ала сезген көрінеді.


«Жүрегіңнен бір орын бер» әнім шықпай жатып хит болған», – дейді әнші Қайрат Нұртас.


Жастардың талғамына сай келетін тағы бір ән – ол Нұрболат Абдуллиннің  «Сен қорқақсыңы». Ю туб желісіне жүктелгеніне бір жыл өтпей-ақ 10 миллион (10 144 896) адам көріп үлгерген. Әнші «Сен қорқақсың» әнін айтамын деп өзі де қорқақ болып қалған сияқты. Түсірілім тобымызға сұхбат беремін деп уәде беріп алып, аяқ астынан айнып қалғаны бізді таңқалдырды. Алдына ала жұмыс кестесін құрмайтын Қуандық Рахым да сұхбаттан қашып, уәдесінде тұрмады. Халық алдында жүрген әншілердің мұндай жауапсыз іс әрекеттерін қалай бағалауға болады?


Бұл жас әнші – Әбдіжаппар Әлқожа.Оның әнін ғаламторда 7 миллионнан астам адам көріп үлгерген. Үлкен сахнада өнер көрсетіп жүргеніне биыл сегіз жыл толыпты. Бірақ, соңғы екі жыл көлемінде сөздері жеңіл, ырғақты,тез жатталатын әндерінің арқасында  жастардың сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған. Ол үшін біраз тер төгіпті.


«Менің әндерімнің барлығын ақындар жазады. Қалай болса солай шыға салатын әнші емеспін», – дейді жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа.


Жастар арасында аса танымалдылыққа ие болған  жас әншілердің бірі – Зируза. Оның «Қиын-Оңай» деген әні екі айдың ішінде 3 миллион рет тыңдалыпты (3 460 801). Ал, «91 тобының» Аяма деген әні ютуб желісіне осыдан бір ай бұрын ғана жүктелген. Қаралымы жағынан 4 миллионға жеткен.


Stan.kz



Көрілген: 2567    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31