Қайрат Нұртас жаңа фильміне әйелін түсіре ме деген сұрақ көптің көкейінде жүргені анық. Не де болса, айрықша дүние болады деп үміттенген халық бұл киноның жарыққа шығуын күтуде. Жаңа киносы жөнінде әншінің өзі бар құпиясын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Фильмнің атауы - "Қалыңдық". Фильмді түгелідей өзім қаржыландырдым. Ешкімге тәуелді болмай, өзің ақша салғаның жақсы ғой", - деді ол.
Сонымен бірге, әншінің анасының айтуынша, көптеген құпияның шеті осы фильм арқылы ашылатын болады.
Фильмде басты рөлді өзі сомдайтын әншінің бұл фильмнің қандай құпиясын ашып беретінін сенбі күні "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасынан сағат 22:10-да көруге болады.