Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Соңғы кездері отандық актрисалар мен актерлер бейнеклиптерде өз сезімін ашық көрсетіп, сексуалды кейіпте өнер көрсетуден қашпайтын болған. Бұл көрермендер тарапынан түрлі сынның айтылуына себеп болып отыр. NUR.KZ порталы қазақ экранындағы сексуалды сипаттағы бейнеябандардың тарихына тоқталмақ.

 

2000 жылдардың басында отандық телеэкрандарда түрлі жаңа топтар пайда бола бастады. Олардың бейнебаяндары сол уақытта енді ғана ашылған Hit.tv музыкалық арнасынан көрсетілетін болды. Солардың ішінде жартылай жалаңаш киімімен көрермен есінде бірнеше топ қалды.

Amouage (Амуаж) тобы

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Бұл топтың отандық эстрадаға шығуы көптеген тыңдармандардың наразылығын тудырды. Олар тек бейнеклиптерде ғана емес, эфирден көрсетілетін музыкалық бағдарламаларға да ашық-шашық киініп шығатын. Кейіннен топ мүшелері тарап, оның атауы ел есінен ұмытылып қалды.

FM тобы

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

FM тобы ел жұртшылығына 2009 жылдан бастап шыға бастады. Олардың репертуарларындағы әндер орыс тілінде болды. Дей тұрғанмен, жастар тарапы олардың әндерін жылы қабылдады. Сахнада, бейнебаяндарында жартылай жалаңаш киініп, сексуалды әрекеттерімен ерекшеленген бұл топты аға буын өкілдері аса жақтыра қойған жоқ. Алайда, "Любила ли я?", "Последний раз", "Зови меня солнце" деп аталатын әндерін жастар іздеп жүріп тыңдайтын. Кейіннен бұл топ тарап, құрамындағы әншілер де жан-жаққа кетті.

Текила тобы

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Көрерменге FM тобымен қатар жол тартқан бұл топты халық "На восток"әнімен жақсы біледі. Оларды жастар сүйіп тыңдап, әндерін жатқа айтты. Түнгі клубтар мен ойын-сауық кештерінде олардың осы әнін көпшілік сұрап тыңдайтын дәрежеге жетті. Алайда топтың ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. Олардың жартылай жалаңаш кейіптегі бейнебаяндары да халық жадынан тез ұмытылып кетті.

Шамси

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Қазақ эстрадасында көрінбей кеткен әншілердің бірі - Шамси. Ол "Метисы" тобымен бірге айтқан "Я не могу быть с тобой" әніне түсірілген бейнебаянында бір емес, екі бойжеткенмен қатар сүйіседі. Жалаңаштанған қыздардың ортасында отырған сері жігіт қыздардың сезімінен сая таппай, өзге қызға ғашық болған жігіттің рөлін сомдайды.

Карина Абдуллина

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Карина Абдуллина "А в Техасе лето" әнінің бейнеклипіне өзінің бұрынғы жары Давидпен бірге түскен. Ол клипте барлық сезіміне ерік беріп, махаббатын барынша шынайы көрсеткен. Алайда халық арасында аса сезімталдығымен ерекшеленетін Каринаның бұл клипін жұртшылық жылы қабылдады.

Дільназ Ахмадиева

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Ділназ Ахмадиеваның әндері көбіне-көп махаббат тақырыбына арналады. Бірі мұңды, бірі махаббатқа толы бейнебаяндарында әнші басты рөлді барынша өзі сомдауға тырысады. "Ромео мен Джульетта" бейнеклипінде де солай. Ол онда "сүйіктісімен" сүйісіп, әннің мәнін қолынан келгенше ашуға тырысқан.

Мәдина Сәдуақасова

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Қазақтың сүйікті әншісі Мәдина Сәдуақасованың "Сүйген жүрек" әнін халық көпке дейін ұмытпай жүрді. Оның клипін елдер сәтті шыққан деп, Мәдинаның аппақ күшігі бертінге дейін ел аузынан түспегені белгілі. Алайда Мәдинаның тыңдармандары әншінің бейнебаяндағы ашық-шашық киімін ұнатпай қалған еді. Әнші кеуде тұсы ашық қара көйлек киген болатын. Сонымен бірге, алыстан көрсететін әншінің шомылуға киетін киім киген кадрларды да ел біразға дейін сынап жүрді.

Мөлдір Әуелбекова

Кезінде Баян Есентаеваның продюсерлігімен танылған "Кешью" тобының әншісі Мөлдірді бүгінде ел аяулы жар ретінде біледі. Қазірде ол Салтай есімді ұлдың анасы атанған. Алайда Мөлдір Әуелбекованың желіде тарап кеткен мына суреті кезінде қалың көпшілікке жақпай қалған болатын. "Кешью" тобының әншілерімен бірге ол жартылай жалаңаш фототүсірілімге түскен.

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кешью тобы. Фото ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды

Гүлназ Жоланова

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Қазақ актрисаларының ішінде еш қымсынбастан түсірілімдерде сүйісуден бас тартпайтын актрисалардың бірі - Гүлназ Жоланова. Ол отандық телехикаялардың бірінде де актер Тәуекел Мүсіліммен бірге ғашықтар рөлін сомдап, онымен ашық кадрларға түскен болатын. Жуырда ғана тұсауы кесілген Айқынның "Сені сағындым" әніне түсірілген бейнебаянда ол ұқсас кадрларға тағы да түседі. Желі қолданушылары актрисаны сынның астына алып, оған енді мұндай клиптерге түспеуге кеңес берді.

Айсұлу Әзімбаева

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Бұл актриса үшін камера алдында жалаңаштану әдепкі әрекетке айналған. Бұдан екі жыл бұрын ол ашық эротикалық сипаттағы "Домино" тобының клипіне түседі. Жай түсіп қана қоймай, онда ол тағы бір актермен бірге түрлі эротикалық сипаттағы кадрларды сомдаған. Қалың жұртшылық топтың бұл бейнебаянына қарсылықпен жауап берді. Олар қазақ актрисасының бұл әрекетін бейәдеп деп сөгіп, бейнебаянды ұнатпай қалды. Дегенмен бұл үшін Айсұлудың көңілі еш түскен жоқ. Ол төсек сахналарын сомдаудан бөлек, жартылай жалаңаш фототүсірілімдерге де түсе бастаған.

Мақпал Исабекова

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Соңғы кезде Мақпал Исабекованың желіге салып жүрген суреттері елге ұнамай жүргені белгілі. Ол шомылуға киетін суреттерін жиі жүктеп, елдің сөгісін естіп жатады. Әнші елдің сөзіне мән бермейтінін айтады. Десе де Мақпал Исабекова бейнебаяндарында барынша ашық-шашық киінуден қашып, төсек сахналарын сомдауға жоламауға тырысады. Бірақ, ол өзінің "Обними" деп аталатын бейнебаянында сезіміне ерік беріп, жас актермен сүйіседі.

Луина

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Луина отандық эстрадағы ашықтықты жақсы көретін әншілердің бірі. Ол елдің сөзіне мән бермей, өзіне ұнайтын киімдерін киеді. Оның ашық-шашық киіміне оның бес жылдан бері продюсері әрі азаматтық некедегі жары Жомарт та көп мән бермейтін секілді. Себебі, Луина тіпті өзінің клиптерінде дәл өмірдегідей жартылай жалаңаш күйінде түседі. Мысалы, "Одна" әнін түсірілген бейнебаянында ол бөтен ер адаммен сүйісіп, жақын адамдардың рөлін сомдайды.

Жанар Дұғалова

Қазақ әншілері клипке жалаңаш түсуден жарысып жатыр (фото)

Кадр әншінің клипінен алынды

Желіде шу тудырған бейнебаяндардың бірі - Жанар Дұғалованың "Ала кетпедің" әніне түсірілген клип. Онда қыздардың сүйіктісіне айналған актер Тәуекем Мүсілім мен Жанар Дұғалова ғашықтардың рөлін ойнайды. Клипте құштарлықпен сүйіскен "жұп" елдің қызу талқысына түсті.

Дегенмен, жастар тарапы бейнебаянның мағынасына көбірек мән беріп, оны ұнатып қалды.

 Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста