Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)

Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)

Қазақ эстрадасында теңін тауып қосылған жарасымды жұптар жетерлік. Олар тек өнерде ғана емес, өмірде де бірге. Alashainasy.kz назарларыңызға nur.kz, ztb.kz сайттары жариялаған отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың тізімін ұсынып отыр.

Қыдырәлі Болманов және Қарақат Әбілдина


Олар 1996 жылы кездесті. Бұл кезде Қарақат консерваторияның студенті болса, Қыдырәлі "АБК" тобы арқылы елге танылып қалған еді. Олар екі жарым жыл бойы аға мен қарындас секілді араласып тұрды. Қыдырәлі өзінің концерттік сапарларына болашақ жарын домбырашы ретінде ертіп жүрген.

Үш жарым жылдан кейін олар шаңырақ көтеріп, кейін өмірге алғашқы ұлдары Бекболат келді.


15 жылдан бері өнер мен отбасылық өмірді бірге атқарып жүрген жұптың төрт ұлы бар: Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі және Айсұлтан.

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева

Тоқтар мен Бейбіт қазақ эстрадасындағы ең лирикалық жұп. Жұлдызды жұптың отбасылық өмірін көп жағдайда құпия ұстайды. Қазақ тілді тыңдарман аталған әншілердің шығармашылығын өте жоғары бағалайды десек артық емес.

2007 жылы отау құрған Тоқтар мен Бейбіт 2009 жылы "Алтын самұрық" сыйлығын иеленді. Бүгінде жұлдызды жұп Беколжас атты ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Жазира мен Жанболат


Екі әнші шаңырақ көтергелі бері 20 жылдай уақыт өтті. Алматыдағы эстрада және цирк колледжінде бірге оқыған. Алғашында Жазира жатақханадағы көңілді көршісін тек дос ретінде қабылдаған. Кейін өзінің де оған ғашық екенін түсініпті.

Оқуды бітірген соң үйленген екі жас әрі қарай бірге ән айтуды бастады. Жазира мен Жанболаттың Қазыбек атты ұлы бар.

Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаева

2001 жылы Алтынай "Азия дауысы" фестивалінде топ жарады. Сол байқауға келгенде болашақ жары, режиссер әрі актер Сәбитпен танысқан.


Тұңғыш қызын босанған соң әнші өзін отбасылық өмірге ғана арнағысы келген. Алайда, жолдасы Сәбит оның сахнаға қайта оралуын қалаған. Бүгінде олар Аяулым, Айнара, Семанұр және Көркем есімді төрт қыздың ата-анасы.

Бүркіт пен Аиша

Өнерлі жұптың табысқанына 4 жыл толды. Олар Бүркіттің туған күнінде танысқан. Туған күн иесін құттықтап келген би тобында ерекше назар аударатын сұлу болды. Ол Бүркіттің де жүрегіне шоқ салған екен. Өзінің фильміне актриса іздеймін деп сылтауратқан әнші Аишаның телефон нөмірін сұрап алған.



Бүркіт Аишаға үйлену үшін екі жыл "жүгіріп", үш мәрте үйлену туралы ұсыныс жасаған. Қазіргі таңда жарасымды жұп тың Зейін атты ұлы бар.

 

Ақпарат NUR.KZ сайтынан алынды

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста