Жұлдызды жаңалықтар

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері тіл-көзден, дуадан қалай қорғанады?

  • Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері тіл-көзден, дуадан қалай қорғанады?

    Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері тіл-көзден, дуадан қалай қорғанады?


Олар жолы болғыш, танымал әрі қалталы шоу-бизнес өкілдері. Миллиондаған адам олардың орынында болуды армандайтыны да жасырын емес. Тіпті, танымал жұлдыздардың өміріне бірі қызыға қараса, енді бірі қызғана қарайды.


hcZlcwikp2E

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.


Ал, сондай танымал азаматтарға көз тие ме? Шоу-бизнес өкілдері тілдінің тілінен, көздінің көзінен, дуадан қалай қорғанады?


Танымал сәнгер Жадыра Сахиева осыдан үш жыл бұрын қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Тіпті, дәрігерлер оның немен ауырып жатқанын да дөп басып айта алмаған. Сәнгер өзінің дертін тек екі ай өткеннен кейін бірақ біледі.


Оған дейінкөз тию дегенге сене бермейтін сәнгер ырымшыл әріптестеріне тек күле қарайтын-ды. Өзінің басыннан ешқашан ондай келеңсіз жәйттер өтпейтін деп ойлайтын. Алайда, екі ай бойы не тұра алмай, не сөйлей алмай қалған дизайнер көз бен тілдің тиетініне амалсыздан сеніп, одан қорғанудың бірнеше жолдарын үйреніп алған.


Жадыра көз тиюдің себебін, сол кездегі ерекше белсенділігімен байланыстырады. Кино түсіріп, топ құрып, бір сөзбен айтқанда ел назарында болғанын айтады. Жақында сәнгер тағы бір жобаны қолға алмақ. Сондықтан жұмысына кіріспес бұрын алдымен түрлі жағымсыз сырт көздерден аластанып алмақ.


Әнші Ерлан Орынбасаров кейбір отандық жұлдыздар сынды отбасын жасырмайды. Керісінше, ашық көрсетеді. Тіпті, бір жастағы ұлын “интернет жұлдызы” қылып жіберген.


Дегенмен, сұқ көздерден кішкентай Назарәлиді құран-кәрім немесе түрлі дұғалар оқып сақтайтын көрінеді.


Әлеуметтік желіде арнайы парақшасы бар Назарәлидің бүгінде 11 мыңнан астам тіркелушісі бар. Қазақ эстрадасында жұлдызды жұп Ерлан мен Баян балақайдың дүниеге келген сәтінен бастап, қазірге дейінгі суреттері мен бейнежазбаларын үнемі салып отырады.Осылайша, Назарәли ел назарыннан бір елі қалып көрмепті.


“До-Мажор” тобының экс мүшесі Ермек Мұқашев осыдан алты жыл бұрын тамағына түскен ісіктен өнерімен қош айтысқан болатын. Дұрыс тамақтанбау, уақтылы ұйықтамау және оған қоса сол кезде танымал болған жігітке көз тию де мүмкін екен.


2011 жылы тамағына шыққан жараны жасыру үшін әнші түрлі амалдар жасаған. Сол жылы Қайрат Нұртаспен түсірген бейнебаянында сақал өсірсе, той, концерт сынды мерекелік кештерге “водолазка” киіп баратын болған. Тіпті, отбасылы әнші жанұясынан да алшақтап кеткенін жасырмайды.


Емханаларға барып табан тоздырған Ермек өмірден күдерін үзе бастаған шақта Франциядан келген қарияға жолығады.Ермекті емші алты айдың ішінде емдеп жазады. Бүгінде әнші қайтадан сахнаға оралып, “Арман айым” атты әнімен тыңдармандарымен қайта қауышты.


stan.kz



Көрілген: 796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31