Жұлдызды жаңалықтар

Қоянбаев: Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік

  • Қоянбаев: Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік

    Қоянбаев: Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік


Танымал шоумен Нұрлан Қоянбаев ана тілі туралы орынсыз қалжыңдап, жұрттың "қаһарына ұшыраған" әзілкеш Азамат Мұсағалиевке қолдау білдіріп, "өз қандасымызды өзектен теппеуге" шақырды.



 




Қоянбаев: Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік

КОЛЛАЖ: NUR.KZ. ФОТО: VK.COM / INSTAGRAM



"Бірнеше күннен бері ТНТ арнасының арнайы бейнорлигінде айтқан әзілі үшін Азамат Мұсағалиев бауырымызға ауыр сөздер айтылып, жазылып жатыр. Мойындау керек, әзіл сәтсіз әрі орынсыз. Бірақ, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген сөз бар емес пе?!


Кеше ғана бәріміз мақтан тұтып, қошемет көрсетіп жүрген бауырымызды бір қателігі үшін жерге ұрғанымыз жақсылықтың нышаны емес. Жығылғанға жұдырық емес, демеу болу азаматқа лайық іс. Бір қателесті екен деп өз бауырымызды өзектен теппейік. "Әр қазақ менің жалғызым" деген неткен әдемі сөз. Осы сөзді бір-бірімізге іс жүзінде көрсетіп жүрейікші", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев", - желідегі парақшасында.


Еске сала кетейік, "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасының эфирінде көрсетілген промороликке түсіп, қазақ тілі туралы әзіл айтқан.


Қазақ жігіттерінің бұл әзілі жұртқа ұнамай қалса керек, өз ана тілі туралы орынсыз қалжыңдаған әзілкештер өткір сынның астында қалған болатын.


 


 

 






Көрілген: 1209    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.07.2017, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31