Жұлдызды жаңалықтар

Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

  • Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

    Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

Жақында Қытайдың Чанша қаласында Хунан тв арнасының «Мен әншімін» байқауы аяқталғаны белгілі. Димаш екінші орын алған байқаудың финалына оның анасы, белгілі әнші Светлана Айтбаева барып қайтқан болатын. Сапардан соң «Ақтөбе» газетіне арнайы келген Света ханым өте бір қызық дерек айтты.
 

Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

Си Си Димаштың әкесі Қанат Айтбаевпен бірге. Фото: "Ақтөбе" газеті



Финал алдында Димашқа Си Си атты қытайдың бойжеткені әдемі сый жасапты. Ол бір ай бойы тапжылмай отырып, ұсақ моншақтардан Димаштың портретін жасаған. Финалға дейін үлгере алмай қалам ба деп қатты уайымдаған көрінеді. Үлгеріп, дәл шешуші сынның алдында сүйікті әншісін қуантқанына өзі де мәз болыпты.


Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

Сол сыйлықты елге алып келмек болған Светаны әуелі Чанша әуежайы қызметкерлері жібермей, біраз кідірткен. Өйткені әуежай тәртібі бойынша биіктігі 1 метрден асатын портретті ұшаққа алып кіруге болмайды.




<video id="yaVideoPlayer_661576" preload="none" style="background-color: rgb(0, 0, 0);" controls="" height="100%" width="100%"></video>



Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

Алайда Чаншада Димаштың фанаттары шулап жүріп, Светаны арнайы қызыл жолақтан өткізіп, қолындағы портретпен бірге ұшаққа мінгізіп жіберген. Бірақ Үрімшідегі әуежайда портретті өткізбей қойыпты. Қазір оны тілеулес жандар автобуспен алып келе жатыр екен.


Қытай қызының Димашқа жасаған сыйы әуежайдан өтпей қалды (фото)

 


 Актобе





Көрілген: 1145    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.04.2017, 14:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30