Жұлдызды жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова басы даудан арылмаған Төреғали туралы өз шындығын айтты

  • Мөлдір Әуелбекова басы даудан арылмаған Төреғали туралы өз шындығын айтты

    Мөлдір Әуелбекова басы даудан арылмаған Төреғали туралы өз шындығын айтты


Соңғы уақытта басы даудан арылмаған Төреғалидың қазіргі жағдайы туралы қарапайым қарашамен қатар, әріптестері де бейхабар. Тентек қылықтарымен жұртты дүрліктірген Ұлы дала баласы жайлы тек Әуелбекова ғана білетін болып шықты.


Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі. Коллаж: NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі. Коллаж: NUR.KZ



Керекудегі келеңсіз жайттан кейін, Халық әртісінің қаһарына ұшыраған атышулы әншінің не себепті Алтынбек Қоразбаевтың концертіне қатыспауын Мөлдір алғаш рет NUR.KZ тілшісіне айтып берді.


"Негізі Төреғалидың Алтынбек көкенің концертіне қатыспай, Қытайға кетіп қалуының өте үлкен себебі бар. Ол енді Алла жасырып қойған нәрсені мен халыққа айта алмаймын. Өзінің отбасылық жағдайына байланысты, денсаулығына байланысты болды. Егерде бұл себепті халық білетін болса бұл балаға басқаша көзбен қарар еді. Керісінше Төреғалиды қолдайтын еді. Қытайға аман-есен барып келді. Барлығы ойдағыдай болды. Мұның барлығы Төреғалидың қателігін кешіре алатын халықтың арқасында деп ойлаймын. Алдыңғы оқиғаларын, Павлодардағы әрекетін айтпаймын. Оған өзі де кешірім сұрап, тәубесіне келіп жатыр. Аллаға шүкір. Біз қателескен адамның тәубесіне келгеніне қарап қуанайық", - дейді Әуелбекова.

Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі

Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі



Отандық бағдарламалардың бірінде танымал нумеролог Клара Күзденбаева: "Төреғали – тағдырдың еркесі. Ол өзгелерге танымалдылық пен табыс әкеледі", - деп жорамал жасаған-ды! Алайда, бұл болжам ақиқатқа айналғандай. Төреғалимен "Сен болмасаң", "Қоштасудың қиын-ай" атты әндерді орындап, дуэтке бейбеаян таспалған Мөлдір бүгінде тойдағы сұраныстың артқанын жасырмайды. Қазіргі таңда қос әнші халықтың қуанышында жиі бой көрсетеді екен.


"Екеуіміз тойда да өнер көрсетіп жатырмыз. Дуэтіміз тоқтап қалған жоқ. Бұл халықтың сұранысы. Халықтың өзінің шақыртуы. Қазір Қазақстанда емес. Әкесі мен "ТТТ" орталығы жақсы бір жерде дәл қазір демалып жатыр. Жақын күндері елге оралады. Арасында тойға шығып үлгеріп жатырмыз. Табыс көңіл қуантарлықтай", - дейді әнші.

Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі

Мөлдір Әуелбекова мен Төреғали Төрәлі



Бірақ қалтасы қалыңдап, қомақты қаржы кенеліп жатса да, Әуелбекова нумерологтың пікірімен Мөлдір келіспейді. Себебі әнші болжамға сенбейтінін айтады.


"Мен болжамға сенбеймін. Сондықтан да мен нумерологтың пікірімен ешқашан келісе алмаймын. Бірақ біздің дуэтіміз де, бейнебаянымыз да сәтті шықты. Алтынбек Қоразбаев та өзінің жылы лебізін білдірді. Әннің де, бейнебаянның да ұнағанын айтып жатыр", - дейді Мөлдір.




Көрілген: 4803    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.03.2018, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31