Мұқағалидың өлеңін өзгертіп алған "Тука" өткір сынға ілікті

Мұқағалидың өлеңін өзгертіп алған "Тука" өткір сынға ілікті

Актер Нұржан Төлендиев "Жиырмадан асып барамын" әнімен сынға ілікті. Әртіс Мұқағали Мақатаевтың ел арасында кеңінен танымал әнінің сөзін өзгертіп, ақынды өлеңіне қосып қойған.

Мұқағалидың өлеңін өзгертіп алған

Нұржан Төлендиевтің  "Мұқағалиым айтқандай, Жиырмадан да асып барамын. Амалым бар ма, амалым, солай да солай қарағым", - деген өлең жолдарын журналист Динара Мыңжасарқызы сынға алды, деп жазады "Дала мен Қала" басылымы.

Журналистің пікірінше, мұзбалақ ақын Мұқағалидың сөздерін бұрмалауға ешкімнің хақысы жоқ.

"Ал, ақынның тасқа басылған сөзін өзгертуге кімнің құқы бар? Ақынның әр өлеңі – тарих. Сол заманның бет-бейнесі. Ақынның тап сол мезеттегі ішкі күйі. Оған өз жанымыздан түзету енгізуге бола ма? Жоқ. Бірақ Нұржан Төлендиев «Отыздан асып барамын» дегенді «Жиырмадан асып барамын» деп неге әнге қосып жүр?! Бұрын-соңды «Отыздан асып барамын» дегенді құлағына сіңірген жыр сүйер қауым «Бұл қалай?» деп аң-таң күйде. Сонда ақынның өлең жолындағы әр қазаққа сіңісіп кеткен сөз тіркесін бұрмалау кімге абырой әпермек?", - деп жазды журналист.

Сондай-ақ, журналист "Отыздан асып барамын" өлеңіндегі философиялық ойға тоқталып, Нұржан Төлендиевтің әнінің сөзіндегі "жиырмадан асып барамын" деген сөзді "Мұқағали айтты" деп жастарды шатыстыратынына ренжіді.

"Шын мәнінде, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отыздан асып барамын» атты өлеңін білмейтін адам жоқ. Оған тіпті ән де арналды. Ақынның бұл өлеңінде толғаныс пен тебіреніс жатыр. Өмір атты өзеннің сағымдай өте шығатынына іштей қынжылатын философиялық ой бар. Тіпті, бұл өлең ақынның отыздан асқан шағын көз алдыңызға әкеледі", - дей келе журналист өз ойын әрі жалғастырды.

"Әрі-беріден соң, «Мұқағали айтқандай» дейтін, оның өлеңінде «Жиырмадан асып барамын» деген өлең жолы мүлдем жоқ қой. Мұның астарында не жатыр? Ақынның поэзиясымен әлі таныса қоймаған жастарды адастырмаймыз ба? Ертеңгі күні Мұқағалидың өлеңдерін оқымаған жас­тар «Е-е, ақын «Жиырмадан асып барамын» деп жырға қосқан екен» десе, кім кінәлі?"- деп жазды Динара Мыңжасарқызы.

Сөз соңында журналист ақындардың сөзін әркім қалауынша өзгертіп ән шығармауға кеңес берді.

"Бүгін Нұржан Төлендиев, ертең басқа әнші кез келген ақынның өлеңін өз қалауынша өзгертіп алса, не болмақ? Бұған кім тосқауыл қояды? Бәлкім, «өзі жоқтың көзі жоқ» дейтін шығар. Алайда әр нәрсенің артында сұрауы бар. Осыдан бәленбай жыл бұрын өмірден озған ақынның әруағы атып жүрмесін, абай болайық!", - деді автор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста