Жұлдызды жаңалықтар

Мұқасан Шахазадев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)

  • Мұқасан Шахазадев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)

    Мұқасан Шахазадев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)


Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында еткен еңбектері бағаланып, мемлекеттік марапатқа ие болған өнер жұлдыздары сынның садағына ілікті. Көпшілік оларды атаққа лайық емес деп пайымдауда. Дәл осындай жағымсыз пікірлерді оқырмандары әншілердің әр постына үздіксіз жазуды әдетке айналдырған. Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатта, өнер иелері болған жайды бүкпесіз баяндауға дайын.



Мәселен, жуырда ғана «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған Серік Ибрагимовті кінәлайтындар көп екен.


«Сендер барлық атақты алып алдыңдар. Тек қана әншілер ғана алады екен. Неге басқа адамдар алмайды деп жазады. Неге ұстаздарға бермейді? Азаннан кешке дейін бала тәрбиелейді ғой деп. Менің ойымша ұстаздардың жемісі осы. Ұстаздарымыз мені тәрбиеледі ғой. Ұстаздарға бұдан артық қандай сый керек? «Ұстаздан шәкірт озар», – деген бар. Озбасақ та, сол кісілердің жемісін сахнада көрсетіп жатырмыз. Бірақ бәріне ұнау мүмкін емес қой. Жалпы, мен «Дарын» сыйлығын алғанда жазылған пікірлердің басым көпшілігі осындай болды», – дейді Серік Ибрагимов.




Жақында ғана Абай Бегейге де «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталған-ды! Бірақ, осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2007-ші жылдан бері қазақ өнерінде еңбек етіп келген әншінің, бұл атақты алуына әлеуметтік желідегі оқырмандары қарсылық білдіріп жатқан көрінеді.



«Қара жұмыс істейтіндерге бермей ме, басқа да жұмыс жасап жүргендерге бермей ме, шахтерларға неге бермейді деген сияқты әртүрлі пікірлер жазып жатыр. Сіз сол дәрежеге жеттіңіз бе? Сіз өнерге жақында ғана келдіңіз деп жатыр. Экранның арғы жағында ерігіп отырып, жаза беретіндер де бар ғой. Әр саланың өзінің сыйлықтары болады. Бұл енді өнерпаздарға деген марапат деп білемін. Мен өзім алайын деген ниет болған жоқ. Негізінде шынымды айтсам, мен өзім атаққа қызықпаймын. Мүмкін еңбегімізді бағалағаны шығар, жақсылығымызды көрген шығар. Біреудің алдына түсіп кетсем кешірім сұраймын. Ешкімнің алдына да түскім келмейді. Берілгеннен кейін барып алып келдім», – дейді Абай Бегей.



Мемлекеттік марапаттан Мұқасан Шахзадаев та кенде емес. Мәселен, өнер иесі 1996-шы жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, 2000-шы жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанса, 2015-шы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған еді. Бірақ, әншіні қуанышымен құттығаннан гөрі, кереғар пікір білдіргендердің санында шек болмапты.


«Бізге ең қиындау болғаны, Нұрлан екеуімізге бөлек-бөлек берді. Сол жағында әңгіме болды. Нұрланға неге бермеді деген сияқты. Бірақ бір жылдан кейін «Нұр-Мұқасан» дуэтінде менімен бірге ән салған Нұрлан Қонысбаев маған берілген атақты алды. Тағы бір айта кететін жайт бар. Ешкімді жамандағым келіп тұрған жоқ. Мысалы, біз 26 жылдан кейін алсақ, бізбен бірге 2-3 жыл жұмыс істеп атақ алғандар да болды. Ал, қанша жыл тер төккен Ұлықпан Жолдасов ағаларымыз бізден кейін алды. Сол жағы кішкене әділетсіздеу болды», – дейді Мұқасан Шахзадаев.



Сонымен қатар, тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттік марапатты иеленген өнер иелерінің қатарында Меруерт Өтекешова, Сәбит Әбдіқалықов, Мәдина Сәдуақасова, Арман Дүйсенов, Ринат Гайсин, Біржан Хасанғалиев, Бүркіт, актер Әділ Ахметов, актриса Әсел Сәдуақасова сынды қазақ өнерінің майталмандары бар.


Stan.kz



Көрілген: 2379    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 20:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30