Жұлдызды жаңалықтар

Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

  • Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

    Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

Алма-кезек өмірде бәрі де бағалы заттарын жоғалтады. Бірі – алтынын, бірі – көлігін, бірі-сезімін тонатып жатады. "Comode.kz" сайты отандық жұлдыздардың жоғалтқан құнды заттарын ұсынады.


 

Қайрат Нұртас


Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды



"Менің үнемі жоғалтып, сындырып, ұмытып жүретін дүнием – көзілдірік. Өздеріңіз байқағандай, сахнаға үнемі көзілдірікпен шығамын. Образымның бір бөлшегі десем де болады. Қайда барсам да менің чемоданымда кемінде 3-4 көзілдірік жүреді. Себебі, бірін жоғалтып алсам, екіншісін кие саламын.


Қай қала екені есімде жоқ, кезекті бір гостролдік сапарда мен бес көзілдірікті жоғалтып, сахнаға көзілдіріксіз шыққан едім. Әлі күнге дейін «қайда ұмыттым екен?» деп ойлап қоямын. Алдағы уақытта ештеңе жоғалмайды деп ойлаймын. Себебі, жанымда әйелім Жұлдыз бар. Әрине, менің заттарымды реттеп, бәрін түгендеп жүруге жауап беретін көмекшілерім бар. Бірақ, өмірлік жарыңдай ешкімнің жаны ашымайды деп ойлаймын.





Мейрамбек Беспаев


Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)


Фото Instagram парақшасынан алынды






Әлі күнге дейін «қап, әттеген-ай неге мұқият болмадым екен?!» деп іштей қынжылып қоятын жоғалғаным бар. Ол «Бозторғайды» айтып шыққан кездегі ең алғашқы домбырам. Шыны керек, қайда қалдырып, қалай жоғалтқаным мүлдем есімде жоқ.


Ерлан мен Баян


Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды



Жоғалттық деп емес, тонап кетті деген жөн болар. Осыдан бірнеше жыл бұрын үйімізге ұры түсті. Ол кезде тұңғышымыздың дүниеге келгеніне шатаспасам 2-3 ай болған еді. Түнде ұйықтап жатқан кезде терезеден кіріп, есіктен шығып кетіпті ұры мырзалар. Біз, тіпті, сезбей қалыппыз. Бәлкім, ұйықтату үшін бірдеңе сепкен де шығар, білмеймін. Сол кезде компьютер, ұялы телефон, сағат секілді құнды дүниелерімізді ұрлап кетті. Қатты қиналғанымыз компьютер мен ұялы телефондағы мұрағат материалдарды қайта жинау болды. Фотосессия, бейнебаян, видеоролик, әндер бәрі кетті. Кейін бәрін қайтадан жинап, дайындауға тура келді.


Айгүл Иманбаева


Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды



Мені де тонап кеткен еді. Көлікте отырған кезде ортасындағы сөресінде алтын, күміс, жақұты бар бір қорапшада әшекей бұйымдарым болған. Соны ұрлап кетті. Концертке кетіп бара жатқан кезде бір кісі жүргізуші жағынан келіп, маған ризашылығын білдіріп, сөйлесіп тұрды. Мен қызығына еніп кетіп, оң жағыма мүлдем қарамаппын. Әңгіме қызған кезде жолаушы жағынан келіп екіншісі әлгі әшекей салынған қорапшаны алып кетіпті. Негізі ұрылар солай бірігіп жұмыс жасайды екен.


Әділжан Умаров


Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды



Ұялы телефон жоғалтуға шебермін. Осыдан бірнеше жыл бұрын таксиге ұмытып кеткенім бар. Әрине, ол үшін өкінбеймін. Бірақ, телефонымда барлық әртістердің нөмірі бар. Сол нөмірлерге хабарласып, мазасын алмаса болғаны деп ойлаймын.



 Nur.kz




Көрілген: 300    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 13:24

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31