Жұлдызды жаңалықтар

Отандық тележүргізушіні "Алашұлы" тобының жанашырлары өлтіріп кетеміз деп қорқытқан

  • Отандық тележүргізушіні

    Отандық тележүргізушіні "Алашұлы" тобының жанашырлары өлтіріп кетеміз деп қорқытқан


Отандық арналардың бірінен берілетін «Ұят Парад» атты бағдарламаның жүргізушісі Нұржан Еркінұлы өз жұмысы барысында кездесетін қиындықтар туралы айтты. Айтуынша, отандық жұлдыздардың бейнебаяндарын сынайтын жігітке қоқан-лоққы көрсеткендер де болған деп хабарлайды NUR.KZ.



Отандық тележүргізушіні

Нұржан Еркінұлы. Фото: "Жұлдыздар отбасы"



Бұл туралы ол "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұқбатында айтты.


Оның айтуынша, «Алашұлы» тобының бейнебаянын сынағаннан кейін топ мүшелері оған ренжіген көрінеді.


«Қарсылықтар болды. Олар маған әлі де ренжулі. Біздің сынымызды дұрыс түсінбеген секілді. Бағдарлама шыққаннан кейін бізге «Алашұлы» тобының продюсері хабарласты. Бағдарламамыз «Алашұлының» концерті қарсаңында болып қалыпты. Бұл олардың ашуына тиіпті.

Отандық тележүргізушіні

"Алашұлы" тобы. Фото: Saz-Alemi



Топтың жанашырлары «Осы ісің үшін ұрып кетеміз, өлтіріп кетеміз» деп ашумен талай қоқан-лоқылар көрсетті. Ақырында біз топ жігіттерімен көзбе-көз кездестік. Мен оларға «Көрерменге бейнебаянда шын мәнінде не айтқыларың келгенін ресми түрде айтып, жауап беріңдер» деп бағдарламаға шақырдым. Бейнебаянның идеялық мазмұнын ашық айтуларын сұрадым.
«Алашұлы» тобының кезекті жауабы үшін сценарий де жазылды. Алайда олар сценарий бағыты бойынша сөйлегісі келмеді. Қойылған сұрақтарға жауап бермеді. Сол себепті бұл бағдарламаны шығара алмадық. Кезегі келгенде бұл видеоны эксклюзив ретінде шығарармыз", - деді ол.

Сонымен бірге Нұржан Еркінұлының айтуынша, "Кешью" тобының бейнебаянын сынаса да, Баян Мақсатқызы оған еш реніш білдірмегенін жеткізді. Продюсер тіпті сыншы жігітті киносының премьерасына шақырып, қонақ еткен екен.


 







Көрілген: 1408    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31