Жұлдызды жаңалықтар

Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)

  • Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)

    Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)


Алуа Қонарованың продюсерлігіндегі "Renzo" тобының әншісі Жанболат Ертаевқа бұзақылық жасап, түнгі клубта ер адамды соққыға жықты деген айып тағылды деп хабарлайды NUR.KZ.



 


 


Бұл туралы оның топ продюсері Алуа Қонарова өзінің желідегі парақшасында жазды.




Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)

ФОТО ӘНШІНІҢ ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ



Шоу бизнестегі танымал топтардың бірі "Renzo" тобының мүшесі Жанболат Ертаев ойда жоқта Өскемен қаласында бұзақылық жасағаны "сотталғанын" біліп қалады. Қылмыс жасалған уақытта Өскемен қаласында мүлдем болмаған әншінің айтуынша, ол сол сәтте қалада тіптен болмаған көрінеді. Ал қылмыстық істегі бұзақылық жасады деп сотталған адамның суреті мүлде басқа біреудің фотосы болып шыққан.


Бұл жайтқа аң-таң болып, наразылық танытқан әншінің хатын Алуа Қонарова жария етті. Ол көпшіліктен көмек сұрап, бұлай болуы мүмкін деген сауал жолдады.




<video id="yaVideoPlayer_517887" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" style="max-width: 100%; height: auto; background-color: rgb(0, 0, 0);"></video>



Ертаевтың айтуынша, сотталған-сотталмағаны туралы анықтамада оның 2016 жылғы 23 маусымда Қазақстанның Қылмыстық кодексі 293-бап, яғни бұзақылық әрекет жасады деп айыпталып, кінәлі деп тапқан екен.


Ол өз хатында дәл сол күні Алматыда болғанын, қылмыстық істегі деректер шындыққа жанаспайтынын ашып айтқан. Сонымен бірге, қылмыстық істегі қылмыс жасады делінген күдіктінің аты-жөні өзінікімен сәйкес келгенімен, суреттегі жігіт басқа адам болып шыққан. Суреттегі жігіт оның кішкентайдан бірге өскен көршісі екен.


Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы болса, бұл дерек бойынша тіркелген қылмыстық істі облыс прокуроры өз бақылауына алғанын айтты.


Ал продюсер болса, өз кезегінде, мұндай әрекеттің қалай орын алғанын және мұны істеген жауапты адамдар қандай жауапкершілікке тартылатынын білгісі келетінін айтты.


"Мұндай жайт әркімнің басына түспесіне кім кепіл?", - деп наразы болды ол.






Көрілген: 1699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.04.2017, 18:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30