Жұлдызды жаңалықтар

"Өзінің қателігін өзі біледі": Анара Батырхан Бүркіттің жаңа фильмін сынап тастады

  • "Өзінің қателігін өзі біледі": Анара Батырхан Бүркіттің жаңа фильмін сынап тастады


Танымал әнші Бүркіттің "Загадай желание" жаңа фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туындыны тамашалаған шоу-бизнес өкілдері мен вайнерлер өз пікірлерін білдірген. Фильмге қатысты сын пікір айтқандар да болған деп хабарлайды HIT TVарнасы.



 


sulpakcinema.kz/stan.kz

Фото:sulpakcinema.kz/stan.kz


Рассказать Вконтакте


Танымал әнші экшн-комедия жанрындағы фильміне 120 мың АҚШ доллары жұмсаған екен.


Бұл туындының сценарийін Әуез Әуезов жазыпты. Фильмнің түсірілімі 40 күн бойы Алматы мен Дубай қалаларында жүргізілген.


Басты рөлді жас әнші Индира Еділбаева сомдаған. Бұл оның кино саласындағы алғашқы жұмысы екен.


"Қиын сахналар болды. Бір дубльден ойнап шығуға тиіс сахналар өте қиын болды", - деді Индира.

Туындының тұсаукесеріне құтты болсын айтып келген шоу-бизнес өкілдері көп болған.


"Әйбек ағамызға өз пікірімді айтқан болатынмын. Өзінің қателігін өзі біледі. Индираға әлі де жұмыс істеу керек. Білуімше, ол кино шықпас бұрын актерлік курстарға барып, дайындалған. Менің нақты берер бағам - төрт", - деді вайнер Анара Батырхан.

Танымал әнші Тоқтар Серіков болса, Анара Батырханның сөздерімен келіспейді екен. Әншінің пікірінше, Бүркіттің әр ісінде тиянақтылық бар екен.


"Ешкімнің сыртынан тон пішпеймін. Дегенмен, мені балаларым осы фильмнің үзіндісін көріп, мені осы көрсетілімге жіберді деді", - дейді Тоқтар Серіков.

Бұл фильмнің Бүркітке қанша табыс әкелетіні әзірге белгісіз.





Көрілген: 284    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 21:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31