Жұлдызды жаңалықтар

Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

  • Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

    Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды


Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосты. Атақты әнші өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Агенттігі.



 




Роза Рымбаева өзі оқыған мектепке бір миллион теңге аударды

РОЗА РЫМБАЕВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН



Еске сала кетейік, бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының барлық кәсіпкерлері бас қосқан «Туған жер» атты ауқымды форум болып өткен болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов шара барысында Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері өңірдің дамуына зор үлестерін қосып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» атты жобаға белсене атсалысқанын тілге тиек етті.


Даниал Ахметовтың айтуынша, осы жоба арқылы аймақтағы барлық мектепті заманның озық биология, химия, физика және робототехника кабинеттерімен жабдықтау көзделген. «Өңірдегі барлық білім ордалары Назарбаев Зияткерлік мектебінен кем болмауы керек», - дейді аймақ басшысы.


Кәсіпкерлер аймақ басшысының бастамасына қолдау білдіріп отыр. Олармен бірге игі жобаға әнші Роза Рымбаева да үн қосып, өзі түлеп ұшқан білім ордасына 1 миллион теңге аударды. Кəсіпкерлер мен танымал тұлғалар тарапынан жиналған қаражат «Парыз» атты облыстық қорға аударылып, сол қордан өңірдегі мектептерге бағытталмақ. Айта кетерлігі бүгінгі күнге дейін «Менің мектебім» жобасына 2 млрд 300 млн теңге жиналған.


Nur.kz





Көрілген: 867    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 21.10.2017, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31