Жұлдызды жаңалықтар

«Сатқын, опасыз, көзге шөп салады»: Тележүргізуші танымал әртістің екіжүзділігі туралы жайып салды

  • «Сатқын, опасыз, көзге шөп салады»: Тележүргізуші танымал әртістің екіжүзділігі туралы жайып салды

    «Сатқын, опасыз, көзге шөп салады»: Тележүргізуші танымал әртістің екіжүзділігі туралы жайып салды


Белгілі тележүргізуші Әнел Әлиасқар отандық жұлдыздардың арасындағы екіжүзділер туралы сөз қозғады. Ол өздерін халық алдында мінсіз етіп көрсеткісі келетін танымалдардың шын өмірдегі келбеті мүлде басқа екенін жайып салды, деп жазады Stan.kz.


Әнел Әлиасқар


Өз сөзінде Әнел отандық әртістердің бірінің екіжүзділігі туралы айтты. Тележүргізуші оның атын атап, түсін түстемесе де, аузынан Алласын тастамайтын, ел алдында қадірлі адам екенін атап өтті.


«Бір әртіс бар, өте танымал. Сіз оны танисыз. Сырт көзбен қарағанда, ол отбасының берекесі асып тасып жатқан сияқты. Өзі – бәріне үлгі, Аллаһты аузынан тастамайды. Құрметтеуге келеді… Әңгімелерін тыңдасаң. Камера қосылса бір адам… өшсе, басқа…», – деп бастады сөзін тележүргізуші Instagram-да.


Мұнан әрі әртістің отбасылық өміріне тоқталған журналист оның жұбайының сұрықсыз әрі аянышты өмірі туралы жасырмады.


«Оның әйелі бар. Сұлу. Нәзік. Бірақ ол құрбысының үйіне қонаққа барады. Шай ішіп, әңгіме айту үшін емес. Жеңілдеу үшін. Жер үйдің екінші қабатындағы түпкі бөлмесіне барып, шыңғырып жылайды, айқайлап, даусы біткенше өксіп жылайды… Оны есту мүмкін емес, жаның түршігеді. Ешкімнің басына бермесін.


Жан айқайының себебі неде деп ойлайсыздар? Күйеуінің екіжүзділігінде. Халық алдында «Ел ағасы» болса, шынайы өмірде сатқын, опасыз, көзге шөп салады», – дейді Әлиасқар.



Stan.kz




 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31