Жұлдызды жаңалықтар

Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген қазақ жұлдыздары кімдер? (фото)

  • Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген қазақ жұлдыздары кімдер? (фото)

    Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген қазақ жұлдыздары кімдер? (фото)


Сұлу көріну үшін барын салатын өнер иелері кімдер? Отандық жұлдыздар пластикалық отаның көмегіне жүгінгендерін айтып берді деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.



Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген жұлдыздар кімдер? Фото: NUR.KZ

Сұлу болу үшін отаның көмегіне жүгінген жұлдыздар кімдер? Фото: NUR.KZ


Расказать Вконтакте


Жұлдыздардың көбісі көзін үлкейтуге асығады екен. Сондай-ақ, олар өздері үй жағдайында қалай күтінетіндерін де айтып берді.


Блефаропластика көмегіне жүгініп, қабақ салдырып алғандар қатарында Шахизада мен Жеңіс Ысқақова бар.


Жеңіс Ысқақова. Фото:reactor

Жеңіс Ысқақова. Фото:reactor


Расказать Вконтакте


«Мен ота жасатуға қорқамын. Бірақ көзімнің үстін реттеп берді. Ешқандай пышақ тиіп, қан шығармадық. Көңіліміз 25 жаста болса да, уақыт өз дегенін алады екен ғой. Сондықтан көзім сәл үлкен көрінсін, бояуға ыңғайлы болсын деп жасаттым», - дейді Ысқақова.

Бұл тізімде Шахизада да бар. Ол да өнердегі әріптесінен қалмай қабағын тарттырып алған.


Шахизада. Фото: Nur.kz

Шахизада. Фото: Nur.kz


Расказать Вконтакте


«Қабағымды тіккіздім. Көпшілікке ұнап жатыр. Фотосессия да оңай болды осы жолы. Онда тұрған ештеңе жоқ қой. Ал бет-әлпетіме бірнәрсе жасататындай қиындық туындай қоймады», - деп мақтанды Шахизада.

Ал Тамара Асар өзінің бетіне мезотерапия жасатып тұратынын жеткізді.


Елімізге белгілі әнші Бағдат Сәмединова алпысты алқымдаса да, осы уақытқа дейін ота көмегіне жүгінбеген.


«Қыздардың әдемі болып жүргенін қолдаймын. Мен үй жағдайында табиғи майлар қолданамын. Ал ота жасатуға қарсы емеспін. Бірақ, өзім қорқақтап жүрмін», - деп құпиясымен бөлісті Сәмединова.

Роза Рымбаева. Фото: ardaktylar.kz

Роза Рымбаева. Фото: ardaktylar.kz


Расказать Вконтакте


Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте пластикалық ота жасатып үлгерген Роза Рымбаева қолдан жасалған маскаларды пайдаланады екен. Әнші алдағы уақытта дәрігерлердің көмегіне сүйенгісі келмей қалғанын айтты.


Баян Алагөзованың айтуынша, ол күніне бірнеше кремді жағады екен. Сондай-ақ продюсер шаш күтімінде майонез бен айраннан жасалған табиғи маскаларды қолданады.


 


 








Көрілген: 3016    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30