Жұлдызды жаңалықтар

Талғат Жорабаевты Төреғали үшін кімнің қорқытқаны белгілі болды (видео)

  • Талғат Жорабаевты Төреғали үшін кімнің қорқытқаны белгілі болды (видео)

    Талғат Жорабаевты Төреғали үшін кімнің қорқытқаны белгілі болды (видео)

Өзін Төреғали Төреәлінің бауырымын деп таныстырып, әншінің Павлодар сахнасындағы әрекетіне қарсы пікір жазған Талғат Жорабаевқа телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен жанның жазбасының толық нұсқасын желідегі парақшасында Бибігүл Дәулетбекқызы жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.
Талғат Жорабаев, Төреғали Төреәлі. Коллаж: NUR.KZ

Талғат Жорабаев, Төреғали Төреәлі. Коллаж: NUR.KZ



"Әкеме Төреғалидың жақтастары әбден мені жамандапты. Соларға айтарым:Руға, жерге бөлінгенді қойыңдаршы! "Ауруын жасырған өледі" деген сөз бар. Жүріңдер сол кеше ғана сахнаға шығып, фонограммамен ән айтқан әншілерден сөз естіп. Мен Дәулетбектің ғана қызы емеспін, Халықтың қызымын! Журналист - руға, жерге, ұлтқа бөлінбейтінін қашан ұғады екен осы жұрт?!",-деп жазды әкесіне өзін жамандағандардың ісіне күйінген журналист.


Бұған дейін ол желідегі парақшасында аудиожазбаның жартылай нұсқасын ғана жариялаған еді, бұл жолы Бибігүл Дәулетбекқызы арадағы болған әңгімені көпшілік естуі керек деген шешімге келгенін жеткізді.


"Осы күнге дейін жарияламай келген едім. Бұл аудиожазбаның толық нұсқасын көпшілік есту керек деген шешімге келдім. "Алматы облысы Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің бірінші орынбасары Базарбаймын",- деп таныстырған бұл кісіні бүгінде комитеттің жігіттері қолға алуда. Жаңа Жылдан соң бұл дауға нүкте қойылады деген болатын. "Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі жас әнші Талғат Жорабаевты қорқытқан бұл кісі кім болды екен?",- деген сұрақ оларды да алаңдатуда.


Олар: "Бүгін біздің атымыздан қорқытады, ертең тағы бір үлкен кісілердің есімімен жүреді ғой",- деп ашулануда. Ал, шын мәніндегі Базарбай деген "үлкен постағы" кісі шетелде жүр. Ол Талғатқа өткен жолы WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, қорықпауға шақырды. Біле білсеңіздер, осы даудан кейін маған көптеген әншілер шықты. Әріптестерінің көңілi Төреғали Төреәліден баяғыда қалған екен",-деп жазды ол.


https://www.facebook.com/bibigul.dauletbek/videos/1791611350911097/

Аудиожазбаның толық нұсқасын тыңдаған желі қолданушыларының кейбіреуі телефонның ар жағындағы әншінің әкесі Төреәлі Төлепов екенін жазды.






Көрілген: 427    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:23

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30