Жұлдызды жаңалықтар

Танымал әнші Димашты кімдер қамқорлығына алғанын айтып берді

  • Танымал әнші Димашты кімдер қамқорлығына алғанын айтып берді

    Танымал әнші Димашты кімдер қамқорлығына алғанын айтып берді


Халық әртісі, Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Майра Ілиясқызы әріптестері Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың Димаш Құдайберген туралы айтқан пікірлеріне қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды Baq.kz.



 


 


 




Танымал әнші Димашты кімдер қамқорлығына алғанын айтып берді

 


Осыған дейін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Димаштың елімізде сүйікті әнші атануына мүмкіндігі аз» деген пікір айтқан болатын. Ал еліміздегі ең танымал, жастардың сүйікті әншісі Қайрат Нұртас болса  «Димаш өз әнiн таппағандықтан елде бағаланбады» деп өз ойын білдірді.


Содан соң қазақ эстрадасы жұлдыздарының айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Алайда, Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Майра Ілиясқызы бұл пікірлермен келіспейтіндігін жеткізді. Оның пікірінше, Димаш Құдайбергеннің өнері елімізде де жоғары бағаланатын болады.




<video id="yaVideoPlayer_274345" x-webkit-airplay="allow" preload="none" width="100%" height="100%" playsinline="playsinline" webkit-playsinline="webkit-playsinline" style="max-width: 100%; height: auto; background-color: rgb(0, 0, 0);"></video>



«Жоқ, ол пікірге қарсымын. Розаның да, Қайраттың да жанашырлық білдіріп жатқаны өте дұрыс. Қазіргі таңда біздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Балаға қараңдар» деп Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға, әрі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына арнайы тапсырма берген болатын.


Олар баланы қамқорлығына алып отыр. Менің ойымша, осыны ескере келе, мұндай жағдай болмайды. Дүниежүзі оны мойындап, үлкен музыка мамандары өз бағаларын беріп жатқан кезде біздің Димаштың өнері елімізде бағаланады», - деді ол.


Осы орайда танымал әнші Димаштың таланты бұрыннан елімізде жоғары бағаланғанын да атап өтті.


«Халық бұрыннан да бағасын беріп жүр. Оның осы білім ордасына түскенінің өзі еңбегінің жоғары бағаланғаны. Сондай-ақ, еліміздегі үлкен шоу бағдарламаларға біздің Димаш қатысып жатады. Тіпті, ол мемлекеттік дәрежедегі маңызды концерттерде, елбасының алдында әндерін айтып жүр.


Әрине, Димаш осыдан 1-2 жыл бұрын жас болды. Қазір ол тәжірибе жинақтап жатыр. Ол Қытай Халық Республикасындағы тамаша бағдарламаға қатысып, «Азияның ең үздік әншісі» атанды. Осының барлығы оның еңбегінің бағалануы», - деді әнші.






Көрілген: 1183    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 13.04.2017, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31