Жұлдызды жаңалықтар

Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)

  • Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)

    Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)


NUR.KZ  порталына «Спарта Номад» КВН командасының ойыншысы Дидар Жексековтың жұбайы хабарласып, белгілі отандық әнші Мақпал Исабековаға қатысты біраз жайттардың басын ашты.  Астаналық арудың айтуынша, Исабекова Түркияда жолдасы Дидармен көңіл жарастырып, онымен «ойнас» құрған көрінеді.


Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)

Мақпал Исабекова мен Дидар Жексеков. Фото жеке мұоағаттан алынды



Бұған қоса, екі жұп «махаббат» хикаяларын елге оралғаннан кейін де жалғастырған екен. Әзілкештің келіншегі, тіпті, күйеуі мен белгілі әншіні Астанадағы қонақүйлердің бірінен «ұстап» алған көрінеді.


Танымал отандық әнші Мақпал Исабекованың отбасылы адаммен көңіл қосқаны рас па? «Махаббат үштігінде» бұдан басқа да қандай жайттар орын алды? NUR.KZ тілшісі Дидар Жексековтың жұбайымен жүздесіп, оқиғаны өз аузынан естіп қайтты.


Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)

Әйгілі «Спарта Номад» командасының белгілі мүшесі Дидар Жексековты көпшілік теледидардан көріп, сахнада айтқан түрлі әзілдерінен таниды. Десе де, былтырғы жылы әртістің жеке өмірінде «елеулі өзгерістер» орын алып, тіпті, әзілкешке отбасын тастап кетуге де тура келіпті. Бұған себеп – Жексековтың танымал әнші Мақпал Исабековамен көңіл жарастыруы екен. Оқиғаның орын алғанына біраз уақыт өтсе де, «бәрі көз алдымнан кетер емес» дейді әртістің жұбайы.


- Оқиға 2016 жылдың жазында басталды. Олар жұмыс барысымен Түркияға аттанған еді. Сол кезде-ақ, Мақпал мен жолдасыма қатысты бір жайттың боларын сезген едім. Көңілімде күдік болғандықтан ба, мен әртістерге фототүсірілім жағынан қолдау көрсеткен «Кипятком» суреттерін қайта-қайта көрумен болдым.  Онда да жолдасым Дидар мен Мақпалдың барлық суреттерде бірге жүргенін көрдім. Дидардың ұялы телефоны үйдегі «Ipad»-пен байланыста болғандықтан, бірде планшеттен олардың Түркияда көңіл жарастырып, үнемі бірге болғандықтарын біліп қалдым. Яғни, жолдасымның көзіме шөп салғанын түсіндім.


Сөйтіп жүргенде, Түркиядағы сапарлары да аяқталып, күйеуім елге оралды. Қалаға келе сала сөйлестік, Дидар «қарым-қатынасымызды жалғастырудың қажеті жоқ, ажырасайық», -  деп кесіп айтты. Мен де еш қарсылық білдірген жоқпын, бірден келісімімді бердім. Сол күні, маған таныстарым хабарласып, Мақпалдың қаладағы қонақүйлердің бірінде екенін жеткізді. Мен, қонақүй қызметкерлерінен әртістің қай нөмірде екенін білуге тырыстым, бірақ одан түк шықпады. Ақыры, құрбыларымның бірінің қолына гүл ұстатып, «Мақпалдың фанаттарының бірімін» деген сылтаумен, қонақүй әкімшілерінен оның қай бөлмеде тоқталғанын білдім.


Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)


Мақпал Исабекова мен Дидар Жексеков. Фото жеке мұоағаттан алынды Сөйтіп, Мақпал мен жолдасым орналасқан бөлмеге барып, есікті қағып едім, халат киген Мақпал есікті ашты. Ал оның артында жолдасым Дидар отыр екен. Олар ішімдік ішіп отыр екен. Мен кіре салғаным сол еді, Дидар Мақпалды кеудесімен жауып, мені балағаттап, бөлмеден қуып шықпақшы болды. Мен Мақпалға Дидардың үйленген, баласы барын айтқаным сол еді, ол «оны білмедім, маған айтпады» деп жалтарып шықты. Сол оқиғадан кейін мен Мақпалды қайтып көрмедім , - деп мәселені түсіндірді әзілкештің жұбайы.






Арадағы қиындықтарға қарамастан, белгілі әзілкештің келіншегі  қазір бала үшін  Дидармен қайта табысып, отбасын құруға әрекет етіп жүргендіктерін де жасырмады.


- Қазір Дидар екеуміз арамыздағы бала үшін қарым-қатынасымызды жақсартып, қайтадан отбасын құруға тырысып жатырмыз. Дидар барлық қателегін түсініп, өзінің отбасына, яғни, балам екеумізге қайтып оралмақшы. Бұған оның ата-анасы да қарсы емес. Жалпы, оның анасы да, інісі де, бізден теріс айналған емес. Керісінше, қолдап, қиын күндері барынша жанымыздан табылуға тырысты. Қазір Дидардың Мақпалмен не себепті ажырасқандығынан бейхабармын.




Танымал отандық әзілкештің жұбайы күйеуімен көңілдес болған Мақпал Исабекованы айыптады (фото)

Бірақ  әнші күні кешеге дейін оған хабарлама жазып, мазалап тұрды. Жолдасым, одан мазаламауын сұрап, отбасымен табысқандығын айтты. Бір қызығы, Мақпал теледидарда берген сұхбаттарында үнемі:  «Балалар тек толыққанды отбасында өмір сүруі керек, періштелердің еш жазығы жоқ» деген сияқты әңгімелерді айтады.  Ал өмірде істеп жүргені мынау. Шаңырағымды шайқалтып, баламды әкесінен айыра жаздады. Әншіні осыншалықты екіжүзді деп ойламаған едім. Оның жеке басын қаралайтын еш мақсатым жоқ, бірақ қонақүйде болған сол әрекеттері әлі күнге дейін көз алдымнан кетер емес.


Осы оқиғадан кейін күйзеліске түсіп, қаншама психологқа бардым. Мені бұл күйзелістен тек құрбыларым шығарып алған шығар. Әрине, бұл жағдайға жалғыз ол ғана емес, Дидар да, мен де кінәлімін. Бірақ Мақпал әйел адам ғой, әйелдің жанын әйел түсінбегенде кім түсінеді? Егер әнші өзі келіп, осы істеген әрекеттері үшін кешірім сұрап, алдымнан өтсе, бұл мәселені қозғамайық-та қоюшы едім. Бірақ намысым тапталды, кеудемде әлі күнге дейін реніш пен ыза бар. Мақпалдың мұнысын кешіре алмаймын,-деп ағынан жарылды әзілкештің жұбайы.


Осы мәселеге қатысты Мақпал Исабекованың директорына хабарласқанымызда, ол :«Мен Мақпалдың директорымын, оның өнері мен көпшілік алдына шығып жатқан сұхбаттарына ғана жауап беремін. Жеке өміріне араласуға құқығым жоқ, ол оның жеке шаруасы, басқа пікір білдіре алмаймын» деп қысқа қайырды.






Көрілген: 494    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 13:20

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31