Жұлдызды жаңалықтар

Танымал сазгер өзінен 28 жас кіші бойжеткенді қалай "тоқал" қылғанын айтып берді

  • Танымал сазгер өзінен 28 жас кіші бойжеткенді қалай

    Танымал сазгер өзінен 28 жас кіші бойжеткенді қалай "тоқал" қылғанын айтып берді

Бүгінде екінші әйел алуға қатысты қоғамның көзқарасы түрліше. Біреулер екінші әйел алуға шариғат пен ата-баба дәстүрі деп қараса, енді біреулер мұны әйел құқын таптау деп қабылдайды. NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берген сазгер Жарылқасын Дәулет бір шаңырақ астында екі әйелімен тату-тәтті өмір сүруде. Оның айтуынша, көңілдеспен жүріп күнәға батқанша, адал некемен екі отбасын асыраған дұрыс.
Жарылқасын Дәулет. Фото: Интернет желісінен

Жарылқасын Дәулет. Фото: Интернет желісінен



«Бізде тоқал алғаннан жиіркенеді, ойнас жасағаннан жиіркенбейді. Оны дұрыс деп қабылдайды. Тоқалдың негізгі мағынасы өте жаман нәрсе. Ол басқа елден келген-күң деген сөз. Хандар тоқалдан туған балаға тағын бермеген. Қазақта: «Біз тоқалдан тудық па?!» деген сөз содан қалған.


Құранда төрт әйелге рұқсат берілген, қалғанын күң есебінде алуға болады. Абылайхан болсын, басқа хан болсын сол жердегі билер мен парасатты байлардың, аузы дуалы адамдардың қызына құда түсіп, төрт әйелге дейін алған. Олардың төртеуін де бәйбіше деп атаған. Тарихқа көз жүгіртсеңіз, хандарымыз соғыс кезінде қалмаққа барды, бейбіт келісімге келу үшін олар басқыншыларға қыздарын берді. Біздің бабалаларымыз шариғатта төрт әйелге дейін ғана рұқсат етілген соң, қалғандарын күң ретінде алды. Одан туған балаларына байлықты берсе де, тақты бермеді. Себебі ол анасының сөзін тыңдап кетуі мүмкін. Ал Құнанбай мен Абайлар төрт әйелге дейін алып, оларға тең қараған»,- деді сазгер.


Еркін Нұржановтың репертуарындағы «Жалғыз ұлыма» әнінің композиторы екінші әйелді ұлы жалғыз қалмас үшін алғанын айтты.


«Өзіме келсем, менде үш қыз, жалғыз ұл болды. «Жалғыз ұлға» деген әнді білесіздер. Ұлым жалғыз болып қала ма деп ойланып, осындай шешімге келдім. Мына жалғанда жалғыз ұлмен қалып кетуге немесе тағы да әрекет етіп ұрпағыңды көбейтуге болады екен. Мен ата-бабам істеген тірлікті істемесем, несін қазақпын деген ойменен екінші жар іздедім. Екінші әйел алған бір досым бар еді, соған достарың болса көрсетші деп айттым. Ол менің қажылықтан келген, Медреседе оқитын қарындасым бар, соған айтайын деді. Досымның қарындасы ақырында мені бір кісімен таныстырды. Өзі ажырасқан қыз екен. Екіншіден, дінде төрт әйел алуға дейін болады. Бірақ ол қыздың мінезі қиындау болды, өзі 24 жаста. Содан мен: «Саған үш ай уақыт берейін, мінезіңді түзетсең алайын» деп ол қызға үш ай уақыт бердім.


Үш айдан кейін тағы да қытығына тиіп, сөйлей салдым. Бұлқан-талқан болды. Сосын иманы әлсіз болып тұрған шығар деп, тағы да үш ай бердім. Алты ай өтті, бірақ қарым-қатынасымыз ойлағандай болмады. Досымның қарындасына рақметімді айтып, әңгімеміз жараспағанын жеткіздім. Осылай әңгімеден әңгіме туындап, ол кісі өзінің қызының үйде отырғанын айтып қалды. Ағам: «Осыдан тұрмысқа шықпасаң, бір шалға беремін» деп әзілдеп еді, не болса соған сенеді. Қызым жылап қалды» деді. Сол кез байқамай: «Онда қызыңызды маған бере салыңызшы» дедім.


Ол кісі «көрейік онда» деді. Исламда әзіл жүрмейтін заттар бар, оның бірі –неке. Айтарымды айтып алып, өзім сасқалақтап қалдым. Содан Айша ауруханада жатыр екен, сол жерге танысуға бардым. Жеткенше неше түрліні ойлап, не болса да мінезі жақсы болса екен дедім. Барсам алдымнан өзі аппақ, түрі әп-әдемі жас қыз келе жатыр.


Мен оның жас қыз екенін көрген соң: «Айналайын, сен тым жас және өте әдемі екенсің! Мен саған лайық емеспін! Сенің өзіңнің теңің болатын 25-27 жастағы жігіттер бар. Анаңның сөзін тыңдап, мені құрметтеп келгеніңе рақмет!»,-деп едім, ол: «Алланың алдында кімнің жас екенін сіз білмейсіз, Алла біледі ғой» деді. Өзім сасқалақтап қалдым, кетейін деп тұрғанмын. Одан кейін: «Айналайын, мен алпыс жасқа келгенде сен отыз жасқа келеді екенсің. Мен жетпіске келгенде, сен қырыққа келеді екенсің. Бұл қалай?» дедім.


Сөйтіп едім: «Алты айдан кейін сіз өліп қалсаңыз ше, бір жылдан кейін мен қайтыс болсам ше?! Адамның басы — Алланың добы ғой. Тағдырыңызды сіз қайдан білесіз?!» деді. Мен өзім ыңғайсызданып, екінші рет тосылып қалдым да: «Мінезім жаман еді. Саған бір апта уақыт берейін, ойлан, сосын бір жауабын айтарсың» дедім. Бір апта өткен соң хабарласып едім, келісімін берді»,-деді Жарылқасын Дәулет.


Сазгер екінші жарын алу үшін үйдегі бәйбішесімен ақылдаспағанын айтты. Айтуынша, шариғатта ондай дәстүр жоқ.


«Шариғатта ақылдасуға болмайды. Айша анамыз айтады: «Біз с.ғ.с Пайғамбардың әйелдерін тек көруге ғана баратынбыз» дейді. Әйелдермен ақылдасуға болмайды. Шариғат пен бабамыздың дәстүрінде ол жоқ.


Некемізді қидырғаннан кейін, ауылда той жасадық. Әйелдерінен қорқатын достарым тойыма келген жоқ. Әйелдері жібермеді. Мен соларға әйел әперетіндей көрінемін ғой",-деді ол.


Сатирик бастапқыда бәйбішесі өкпелегенімен, кейіннен өзін түсінгенін айтты.


"Бәйбішем алғашқы кезде өкпеледі, ренжіді. Сонша жыл отасқан күйеуін кім бере қойсын?! Бірақ, Аллаға шүкір, бүгінде екеуі тату. Екеуіне де тең қараймын. Анам екінші жарымды бірден сүйіп кетті. Айша бауырларыма менен де қатты қызмет етеді (Айша сазгердің екінші жары). Екеуі екі бөлек тұрады. Отбасында бәрін басқаратын үлкен әйелім —Раушан. Екеуінің үйі ортақ, қонақтарын бірге күтеді" ,- дейді ол.


Жарылқасын Дәулет бірінші ұлын бауырлары мен екінші анасына жақын болуы үшін Айшаның тәрбиесіне бергенін айтты.


«Балама: «Сен екінші анаңның үйінде тұрасың. Осы үйде туылған іні-қарындастарыңа қарайсың. Онсызда шешеңнің баласысың, одан ешқайда қашып кетпейсің» дедім. Сөйтіп мектебін ауыстырдық, иісі сіңді сол үйге. Інісінің есімін де өзі қойды. Бір-біріне жақын болсын дедік.


Екі әйелімді отырғызып қойып: «Өмірде ең жаман нәрсе бір әкеден туған ұл-қыздың бір-бірімен жауласуы. Сен екеуің бір-біріңді жамандап, балалардың арасын бүлдіруің мүмкін. Бірақ менің бала-шағам қырылысып жатса, сендерді аямаймын. Сондықтан екеуің тату жүріңдер! Бір-біріңді жамандамаңдар!» деп айттым.


Қазір екінші жарымнан туған Мұхаммед деген баламды Раушан менің балам деп жақсы көреді, өзі де апалап жүреді. Енді «өзімнің атыма аударып аламын» дейді, мейлі дейміз. Қыз балалар өз отбасымен кетеді ғой»,- деді сазгер.


 






Көрілген: 696    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31