Жұлдызды жаңалықтар

Танымал тележүргізуші күйеуін тоқалымен бірге атып тастамақ болған құрбысы туралы айтты


Танымал қазақ журналисі қазақ қоғамында кеңінен таралған тоқал мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде екінші әйелді қойып, үшінші немесе төртінші әйел алып жатқан министрлер де жоқ емес. Жанат Бақыт күйеуінің опасыздығын көрген "бәйбішелерге" ақыл айтып, ондай отағасының керегі жоқ екенін айтты.


 

Танымал тележүргізуші күйеуін тоқалымен бірге атып тастамақ болған құрбысы туралы айтты

Жанат Бақыт



Instagram парақшасына жазба қалдырған ол бүкіл қазақ әйелдерін толғандыратын мәселеге қатысты пікір білдірді.


"Екі әйелі бар екен!" "Тоқалымен тұрады!" "Жап-жас, уыздай 18-дегі қыз алып алыпты!". Осындай тіркесті естігенде кез келген еркегің қу түлкідей жылмың ете қалады. "Мәләдесс, әй, жігіт!" дейді. Бірақ еркегіңнің де, әйеліңнің де "Ойбу, бірінші әйелі қалай екен? Қандай күйде екен?" деп жанашырлық білдірмейді, сұрамайды да. Сұрағанды кездестірмедім. Былайша айтқанда бірінші қатынның не ойлайтыны бәрібір.


Маска киіп қайтеміз, қазір сәл ақшасы бар либойының екінші қатыны бар. Министр болғандарың үшіншіңе төртіншіңді шаптап алып отыр. Мә керек болса. Айналамда ондайлар толып жүр, туысымда да, танысымда да. Сонда біреуінің бірінші қатынның не ойлап, қандай сезімде жүргенін сұрағанын көрмеппін. Тоқал алу - бұл бір заңды дүние сияқты боп кетті. "Әйелдің қақысы жоқ, еркектің xақысы бар, ата-бабамыз солай еткен!" деп саусақтарын шошайтады!", - дейді ол.


Сонымен бірге Жанат Бақыт мұндай жағдайға тап болғандарға өз ақылын да айтты.


"Күйеуің екінші қатын алды делік, өмірдегі барың, нарың, тірегің, арқа сүйерің басқа әйел алды. Бар жылуын соған сыйлап, әдемі сөздерді соған арнайды, соның қасына мұнтаздай таза боп жатады, шетелге барады, қымбат дүниенің бәрін соған әпереді. Ал сен-балаларының ғана емес, оның анасына айналғандайсың.


Сенімен тек отбасының қаржылық жағдайы, құрылысы, балалардың киім-жарағы туралы ғана сөйлеседі. Бітті. Басқа әңгіме жоқ. Гүлді суарсаң жайнайды, суармаса өліп қалады ғой, солай солып қалдың аяқ асты. Қиын ба? Қиын. Бірақ солай болды. Өмір сені сынап тұр. Қайтесің?


"Әдемілен, тоқалды жең, күйеуіңді қайта қарат" деген қырт-сырт ақылдар бар емес пе, оны істесең де дым шықпайды. Сұлу боп жүрсең, әрі кетсе қасыңа бір жатар, ертесі бәрібір кетеді сол қатынға. Сендегі іште домалақ боп қатып қалған кек асқынады, ол өсе бастайды. Бүкіл он екі мүшеңе тарайды. Ол өшпенділікке ұласады. Ал білесіз бе, ол бір күні рак сияқты ауру боп тесіп шығады. Қартайып кетесің. Семіріп кетесің", - дейді.


"Менің ойымша ондай жағдайдан негізі шығар жол, ең дұрыс шешім-қиын болса да, кешіру. Жәй сөзбен емес, себебі сенің кешіріп-кешірмегенің жұртқа бес тиын. Оңашада отырып, бүкіл он екі мүшеңмен сезіне, Құдайға жалбарына өзіңді және ана екеуін кешіру.


Алла Тағаладан оларды кешіріп, мүлде ұмытып, өзіңді жақсы көруге күш сұрау. Сонда ғана жүректі арам шөптей жаулап алған өшпенділік, кек, жеккөрушілік сезімнен босатасың.


Әйелдегі кек білесіз бе қандай болады, қызғаныштың қызыл иті қапқанда, бір құрбым мылтық әкеп күйеуі мен тоқалын ата жаздаған. Ол сол кезде өз-өзін жеп қойғаны сонша, денсаулықты айтпағанда, бастан кете жаздады. Өз-өзінен күбірлеп отыратын...", - деп есіне алды ол.


"Өткенді өкірсең де, қазір тырнағыңды қысқашпен қайырып жұлсаң да қайтармайсың. Өтті, бітті. Есесіне өткен күнге деген көзқарасты бүгін өзгертуге болады. Күйеу кетсе кетсін. Алла тағала сені біреуге ренжіп, сосын ауырып, өміріңді мусор қылсын деп жаратпады ғой?", - дейді журналсит.


Ал желідегі қолданушылар болса, Жанат Бақыттың бұл жазбасы елдегі көптеген әйелдердің бас проблемасына айналған "тоқал алу" мәселесін орынды көтеріп отырғанын айтты.







Көрілген: 850    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 21.09.2017, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31