Жұлдызды жаңалықтар

“Тойға кетіп қалды”: Экс-продюсері Серік Ибрагимовтің әндері мен стилін сынға алды

  • “Тойға кетіп қалды”: Экс-продюсері Серік Ибрагимовтің әндері мен стилін сынға алды

    “Тойға кетіп қалды”: Экс-продюсері Серік Ибрагимовтің әндері мен стилін сынға алды


Серік Ибрагимовтің бүгінгі әні мен киіну стилі бұрынғы продюсеріне ұнамай жүр. Алтынбек Рахметовтың айтуынша, Ибрагимов той әндеріне көбірек мән беріп, өзінің талғамын төмендетіп алған.



Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.


2014 жылы Рахметовпен келісім-шартқа отырған Серік продюсердің қол астында небәрі 4 жыл жұмыс істеді. Отбасын құрып, балалы болғаннан кейін жеке кетуге шешім қабылдады. Екі жақтың бірлескен алғашқы жұмысы «Вокзалда қауышқан қыз» әніне таспаланған бейнебаян еді. Бүгінде Серіктің өнердегі бағыты өзгерген.


“Қазір енді әр түрлі нәрсені елге бергім келеді. Өзімнің стилімде де әндері жазылып жатыр. Бірақ сонымен қатар халықтың сұрауында жүрген әндер, халыққа жақын әндер деген сияқты әндерді көп жаздырып жатырмын. Енді шыққаннан кейін, халық өз бағасын бере жатар”, – дейді Серік Ибрагимов.


Баға бергендердің бірі әншінің экс-жетекшісі – Алтынбек Рахметов. Сөзіне сенсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Серіктің талғамы әлдеқайда жоғары болған. Ал бүгінде экс-шәкірті той әндеріне ден қойып кеткен көрінеді.


“Қазіргі репертуарына көңілім толады деп айта алмаймын. Осыдан 2-3 жыл бұрынғы Серік және қазіргі Серік екі бөлек адам. Былай енді әңгімелерді айттым. Кішкене бетіңді сахнаға емес, тойға қарай бұрып жіберген екенсің деп”, – дейді Алтынбек Рахметов.


Продюсерге Серіктің әні ғана емес, қазіргі сахналық стилі де ұнамай жүр. Айтуынша, Серіктің бойындағы бұл өзгерісті өзге продюсер әріптестері де байқаған.


“Енді стиль жағынан да, қазіргі киіп жүрген киімдеріне де көп көңілім тола бермейді. Негізі оны бетіне де айтқанмын. Бірінші рет те айтып тұрған жоқпын. Мұндай жағдайды мен ғана емес, менің әріптестерім де келіп: «Серікке не болған?» – деп, айтады”, – дейді Рахметов.


“Сол өзіме бір сондай ойлар келді де. Басқаша бір өзгеріс енгізіп көрейін деген сияқты. Халық бірде былай, бірде былай қабылдап жатыр. Сондықтан бірден үйреніп кету мүмкін емес қой. Бірақ шектен шыққан дүние жасап жатқан жоқпын деп ойлаймын”,- дейді Серік.


Stan.kz



 




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2019, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28