Оқиға

15 жасар екі қыздың бесінші қабаттан құлау оқиғасының жай-жапсары белгілі болды

  • © U24.ru

    © U24.ru

Екібастұз қаласында болған қайғылы оқиғиғаның жай-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.


Оқыс жағдай туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жанат Ибраев айтып берді. Мемлекеттік мекеме басшысының айтуынша, екі тоғызыншы сынып оқушысы достарының үйінде қонақта болып, кейін бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.


«Екі қыз құрбы-құрдас болып, жақын араласқан. Екеуі де толық емес отбасында тәрбиеленгені белгілі. Қайтыс болған қыз кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрған. Яғни, «қиын» жасөспірімдер қатарында болған. Бұған дейін оқушы мамандардың жіті бақылауында болды, алайда мінез-құлығында қандай да бір ауытқушылықтар байқалмады. Сол себепті, осы жылдың тамыз айында есептен шығарылды. Кеше екеуі де күнделікті сабақтарында болды», - дейді Жанат Ибраев.


Көз жұмған қыз анасымен бірге тұрған. Кеше ол апасынан қонаққа баруға сұранған. Десе де, рұқсат алмай, кетіп қалған.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қыз бала жедел-жәрдем қызметінің көлігінде өмірден озған. Екінші жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.


Еске сала кетсек, бүгін түнде екі 15 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті.


 




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30