Оқиға

1,5 жыл бұрын із-түзсіз кеткен алматылық жігіт табылды (фото)

  • © altaynews.kz

    © altaynews.kz

Бейтаныс адам Медетханды бұрынғы Марқакөл ауданында тұратын малшының үйінен көргенін айтқан.


Өткен аптада 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Медетхан Серімбетовке Шығыс Қазақстанда іздеу салынғаны туралы жазған едік. Бүгін редакциямызға 1,5 жыл бұрын із-түссіз жоғалған жігіттің табылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысының тумасы Медетхан Серімбетов 2017 жылдың 7 қарашасында Алматы қаласында ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Алайда жас жігіттің жақындары оны Шығыс Қазақстан аумағынан да іздестірді. Өйткені белгісіз нөмірден хабарласқан бейтаныс адам Медетханды бұрынғы Марқакөл ауданында тұратын малшының үйінен көргенін айтқан.


Туыстары Медетханның іздестіруге бар күштерін салған еді. Телеарналардан, газеттерден, Rina.kz еріктілерінен көмек сұрап, тіпті, ресейлік “Жди меня” жобасының сайтына өтініш қалдырса да, бір жылдан астам уақыт жігіт туралы еш хабар болмады.


Бүгін таңертең жоғалған жігіттің ағасы Тәуіржан Серімбетов сүйінші хабар жеткізді. Оның айтуынша, Медетхан Алматыдан табылыпты.


-Көптің тілеуі қабыл болып, Медетхан табылды. Бастысы, өзі аман. Қазір анасы екеуі полицияда мән-жайды анықтап жатыр, – дейді Тәуіржан Серімбетов.


Ол Медетханды іздеуде көмектескендерге, жігіттің аман-есен табылуына тілектес болған жандардың барлығына алғысын білдіріп отыр.


Жігіттің осы уақытқа дейін қандай себеппен хабар-ошарсыз жүргені белгісіз. 


 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28