Оқиға

18 мамырда ештеңе болған жоқ - Маңғыстау облыстық ТЖД

  • © Экспресс К

    © Экспресс К

Ақтау маңындағы нысандарда және Құрық ауылында 18 мамырда тұрғындар сезген жер сілкінісі деп қабылдаған құбылыс, яғни төтенеше жағдай болған жоқ. Бұл туралы Lada.kz басылымы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.


ТЖД қызметкерлері, баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, барлық нысан мен Құрық ауылының тұрғындарына қоңырау шалып, аралап шыққан, себебі Ақтау тұрғындары 18 мамырда адамдар жер сілкінісін сезген.


"Жиналған мәліметтер бойынша, еш жерде ештеңе болмаған. Бізге 18 мамырда облыста қандай да бір оқиғалардың болғаны туралы хабар түскен жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.


Медициналық мекемелерде сол жағдайлар болды делінген уақытта, ауруханаға ешкім түспеген.


Еске салайық, Ақтау тұрғындары, әсіресе қаланың төменгі ықшамаудандарының тұрғындары алапат жарылысты сезген. Кейбірі тіпті көкке көтерілген жарылыс бұлтын видеоға түсіріп алған.


Басылымның мәліметінше, Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері оқиға жайлы кейінірек хабар тарататынын айтқан.


Ақтаудың 3, 4, 7, 8 және 7-ші ықшамаудандарының және өнеркәсіп аймағындағы тұрғындары жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00 шамасында пәтерлерде сілкініс болғанын жазып жатыр.


"Жарылыс болды... 3-ші ықшамауданда үй теңселіп кетті... 2-ші ықшамауданда да. менің достарым сезіпті..."; "Камаз" үйге кіріп келді деп ойлап қалдым, сілкініс аз уақытқа жалғасса да, қатты сезілді..."; "Қалада қандай жарылыс болды, кім біледі? Өнеркәсіп аймағы жақтан сезілді...", - деп жазып жатыр қалалықтар.


 


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 296    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 14:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30