Оқиға

22 жастағы жігіт ауылдастары зорлағанын айтып, көмек сұрады

  • © Евразия арнасы

    © Евразия арнасы

Түркістан облысы Абай ауылының тағы бір тұрғыны зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанын мәлімдеп, көмек сұрады.


Есімін жасырған азамат 22 жаста. Ол ауылдас жігіттердің өзін зорлағанын айтады. Алайда сотқа арызданғанымен іс жабылып қалады екен. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.


Айтуынша, 6 жылдан бері өзінің зорланғанын дәлелдей алмай жүр. Емханаға тексерілгенде жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтырғанын білген. Тексеру кезінде күдіктілерден де сол ауру табылған.


Жәбірленуші күдіктілердің лауазымды қызметте істейтін ағаларының арқасында сотта жауап бермей жүргенін айтады.


“Таныс азаматтар болған соң олардан еш күдіктенбей бірге дастарханда отырдық. Олар мені зорлап, видеоға түсіргендерін айтты. Тіпті біреуге айтсаң, ғаламторға жариялаймыз деп қорқытты. Олардың туыстары органда істейді, депутат ағасы да бар. Лауазымда қызмет ететін Сәкен есімді ағасын жұмыстан алды. Басқа жаза қолданған жоқ. Туыстары әкеме келіп айғайлап, мен тұрғанда оларды қамата алмайсыңдар деп қорқытты”, – дейді жәбірленуші жігіт.


Ал, заңгер Джохар Өтебаев бұл іске қатысты қандай да бір мәлімет айту ерте екенін айтады. Ал, күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


sn.kz




Көрілген: 2723    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30