Оқиға

Sinоoil компаниясының тегін бензин тарататыны рас па?

  • © Иллюстрация © seyminfo.ru

    © Иллюстрация © seyminfo.ru

Sinоoil мамандары тегін бензинге купон беру туралы хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мессенджерлерде 20 жылдыққа орай Sinоoil компаниясының тегін бензинге купондар беретіні туралы хабарлама тарады.


"СИНОИЛ АЖҚС 20 жылдыққа орай 500 литр АИ-95 бензиніне купон береді! Асығыңыз, купондар саны шектеулі. Акция дүйсенбіге дейін жалғасады", - делінген хабарламада.


Компанияның сайтында бұл хабарламаның жалған екені айтылған.


"Sinooil ЖШС хабарлайды, әлеуметтік желілерде тараған компанияның 20 жылдығына орай купон беру туралы акцияның "Sinooil" ЖШС компаниясына ешқандай қатысы жоқ және бұл алаяқтық. Егер ол хабарлама сіздің номеріңізге келген болса, сілтемеге кірмеуді және оны таратпауды сұраймыз. "Sinooil" ЖШС ондай акцияларды өткізбейді", - деді компаниядағылар.


Айта кетейік, биыл маусым айының соңында осыған ұқсас хабарлама әлеуметтік желіде тарады. Ол кезде "Газпром" компаниясының 25 жылдығына орай бензиннің тегін берілетіні туралы хабарлама Whatsapp арқылы тарады.


Оған дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясының бензинді тегін тарату туралы ақпаратты жоққа шығаруына тура келді.

 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.07.2018, 20:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31