Оқиға

Әділет министрлігі "өліп-тірілген" қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді

  • © azh.kz

    © azh.kz

Әділет министрлігі Атырау облысының "өліп-тірілген" тұрғынына қатысты жайтты арнайы комиссия қолға алатынын айтты.


Ведомство хабарлағандай, туыстары жерлегеннен кейін екі айдан соң үйіне оралған азаматтың ісі бойынша арнайы комиссия құрылған.


Сонымен бірге, Атырау прокуратурасы материалды Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 183-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізген.


Әділет министрлігі берген мәлімет бойынша, 4 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері сот-медициналық сарапшының қатысуымен мәйітті қазып алды.


"Бұдан бұрын генетикалық зерттеу жүргізу үшін азаматтың жақын туыстарының сілекей және қан сынамалары пайдаланылған еді, туыстық ықтималдығы 99,92% болып шыққан. Атап өтсек, сарапшы есепті қайта жүргізбеген, қорытынды болжам түрінде шығарылған", — деді ведомство.


Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Атыраудың іргесіндегі Томарлы ауылында екі ай бұрын туыстары жерлеген ер адам үйіне оралғаны туралы хабар тараған болатын.


Биыл 20 маусымы күні 63 жастағы Айғали Сопығалиев үйден шығып кетіп, қайтып оралмапты. Ол бұрын да екі аптаға үйден кетіп қалғандықтан, туыстары полицияға тек 9 шілде күні хабар берген.


Біраз уақыттан кейін полиция туыстарын мәйітті тануға шақырады. Аптап ыстықтан мәйіт бұзылып кеткендіктен оның кім екенін ешкім тани алмаған, ақыры ДНҚ сараптамасы жасалып, оның нәтижесі ол 99,92 процентке Айғали екенін көрсеткен.


Sputnik


 




Көрілген: 239    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30